КӨКШЕТАУДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ «ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫ» КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ-де «Шеберлер ауылы» көрмесі өтті.
Жәрмеңкеге сәндік-қолданбалы, көркем шығармашылық шеберлері, ата-аналар қауымы мен құрылыс-техникалық колледжінің қонақтары жиналды.
Әр шаңырақтың атынан қыш өнері, зергерлік өнер, жүн илеу, карвинг, канапе, сабын жасау және тоқу ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша іс–шараның негізгі мақсаты зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи өнердің сан алуан түрлеріне баулу.
Іс-шараны «Тұран» шаңырағы ұйымдастырды.
[xfvalue_img]