Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «ТӨРТІНШІ ОНЖЫЛДЫҚТАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» атты облыстық форумы өтті.
Форумға Түркістан облысының белсенді жастары қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы сөз алып, форумға қатысушыларға ізгі тілегін жолдады. Содан соң, төменде көрсетілген форум спикерлері:
«Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті және қоғам қайраткері, «Жастарға жол» Қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов;
Түркістан арнайы экономикалық аймақ қызметкері «Болашақ» МБ түлегі Алмас Жақсылықов;
Жас ақын, Turkistan телеарнасының Тележүргізушісі, @tarmaqtar – әдеби жобасының авторы, А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен республикалық мүшайраның 3 орын иегері Рысгүл Досжанова;
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, «Болашақ» МБ-нің түлегі Ерасыл Төлебаев;
«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек;
МКҚК «Ұлы Дала Елі Орталығы» гид-экскурсоводы Егизбаева Амина егемен елдің еңсесін тіктейтін әртүрлі салаларда жеткен жетістіктерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, форум аясында кәсіпкер жастардың көрмесі қойылып, іс-шара соңында жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, белсенді жастар марапатталды.
[xfvalue_img]
32 пікір