Жақсылық жасауға жаны құштар жеке құрам
ЗК-169/1 тергеу изоляторында қызмет ететін жалынды жастар жақсылық жасады.
Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушы, әділет аға сержанты Тоқжолова Ақмаралдың бастамасымен, қоғамның әлсіз тобына жататын ұл мен қызын жалғыз өзі асырап отырған анаға қайырымдылық көрсетілді.
Саяжайда тұратын, табыс көзі жоқ, жұмыссыз бұл әйелдің шынында да, тұрмыс тіршілігі нашар, күн көрісі тым ауыр. Қолдайтын, қорғайтын күйеуі жоқ. Тұрақты жұмысы болмағандықтан, жалғыз өзіне екі баласын асырау қиын. Ұлы аурушаң екен. Соның дәрі-дәрмегіне ақша керек болып, көршісі арқылы осындай қайырымдылық танытатындарды іздепті.
Бұны естіген РжКБ - нің аға бақылаушысы, әділет сержанты Тоқжолова Ақмарал, кадр саясат тобының аға инспекторы Д. Шахиға мән-жайды түсіндіріп, көмек көрсетсек деген ұсынысын айтты.
Жақсылық жасауға жаны құмар жеке құрам сауапты іс -амалға лезде үн қосып, аз уақыт аралығында біраз қаражат жинналды. Жиналған қаражаттың бір бөлігіне азық- түлік алынды. Екінші бөлігін дімкәс ұлын емдеу қажеттілігіне керек дәрі - дәрмек алып беру мақсатында қаржылай берілді.
- Погондағы қызметерлер жұмыстарының қауырттығына қарамай, уақыт тауып үйімізге келіп отыр. Басымдағы қиын шақта қолдау көрсетіп, демеушілік танытқандары үшін алғыс айтамын.- деді, көзіне жас алды жалғызбасты ана.
Ия, ата-баба тәрбиесін көрген, ұлағатты ұл мен қыздардың, яғни бойында адамгершілік қасиеттері басым, погондағылардың бұл қайырымдылығы құптарлық.
- Біздің мекеменің сексен пайызы жастар. Олар еліне адал қызмет етумен қатар, осындай қайырымдылық істерге де, ат салысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып келеді. Жақында қарттар үйі мен сәбилер үйіне барып, көмек көрсеттік - деді, кадр маманы.
Кең даладан дарқандықты бойына сіңіріп өскен, қазақы тәрбиедегі, жүрегі жұмсақ жеке құрамның бұндай игі амалдары жыл соңына дейін жалғасады. Өйткені олар, "Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды" дегендей, жақсылық жасаудан жарысқанды құп көреді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
1 пікір