ЖАМБЫЛДЫҢ БЕТКЕҰСТАР БИЗНЕСМЕН ХАНЫМДАРЫ
Байжанова Несіпкүл, «Байжанова» ШҚ басшысы. 20 жылдан астам ірі шаруақожалығының төрайымы. 7 баласы, 26 немересі және 14 шөбересі бар. Оның 3 Ұлы, 5 немересі отбасылық бизнес саласында жұмыс істейді. Бидай, арпа, жүгері, пияз, қызылша және алма өсіреді. Өсірілген өнім Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында, тіпті Әзірбайжанда сатылады.
Орынбаева Жанаркүл Жаңбыршықызы, жеке кәсіпкер, шебер тігінші.
Ж.Орынбаева көп балалы ана, алтын алқа иегері. 7 баланың анасы. Тігін ісімен 10 жылдан бері айналысады. Қыз жасауы, құрақ құрау, киіз басумен шұғылданады.
Ахматбекова Айнагүл Жұмабекқызы, «ЖК Ахмадбекова» ШҚ басшысы. Оның үлкен фермасы жұмыртқадан бастап, құс етіне дейінгі барлық өнімдерді шығарады. Жуалы ауданындағы ең үлкен инкубаторы бар, ол 21 күнде 15000 балапан шығарады. Осылайша, бизнесті бастағысы келетін барлық тұрғындарды қамтиды.
2018 жылы "30 үздік жоба" қатарынан танылды.
Садулаева Зухра Абутагировна "Шығыс тәттілері" ЖШС-ның басшысы, Қордай ауданы. Кәсіпкер 2002 жылдан бастап өз ісін ашып жүргізуде. 18 жыл ішінде «Сладости Востока» дүкенінің маркасын қалыптастырып, кондитерлік өнімдер өндірісімен айналысуда. Кәсіпорында олардың өнімдері сатылатын 2 дүкен бар. «Сладости Востока» ЖШС жылына аудандық бюджетке 750 мың теңге салық төлемдерін аударады.
Ракаева Клара Балтабайқызы, «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің басшысы.
40 жыл Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қарт адамдармен, мүгедектермен жұмыс істейді. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс бастаған уақытан бері әр ардагермен, мүгедек баламен жеке жұмыс жасайды. Жұмыс істеген жылдары көптеген мамандарды қарт адамдармен және мүгедектермен жұмыс істеуге үйретті. Үлкен беделге ие.
Шубаева Ғалия. Мойынқұм аудандық орталық кітапханасының директоры.
40 жылға жуық кітапхана жүйесінде жұмыс істейді. Республикалық байқауларда Гран-При иегері. Семинарлар, кеңестер ұйымдастырады, кітапхана мамандарының кәсіби білімін кеңейтеді, оларды кәсіби, мәдени өсуге, шығармашылық қызметке ынталандырады.
Далибаева Сұлукүл. Т. Рысқұлов ауданы, "Аққайнар" шаруа қожалығының басшысы.
Алтын алқа иегері, 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.
Шаруашылық үлкен, жүзге жуық сауын сиыры бар, 800 гектардан астам алқапта қызылша, бидай, арпа, мақсары өсіріледі. 400 гектар жайылым бар. Шаруашылықты жақсы жүргізу үшін Сұлукүл мал дәрігері мамандығын да оқыған.
Сағындықова Әлия, «Батыр-Бек» әлеуметтік дүкенінің иесі, Сарысу ауданы. Ол кәсіпкерлік қызметін 2013 жылы бастады. Пандемия кезінде әлеуметтік дүкен ашып, Тараз қаласынан және Жуалы, Жамбыл аудандарының шаруа қожалықтарынан 42 тонна картоп, 15 тонна пияз және 10 тонна сәбізді арзан бағамен алып келді. Сарысу ауданында азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жалғыз әлеуметтік дүкен ашылды.
Кожасейітова Есенгүл, «Мақсат» ШҚ басшысы, Талас ауданы.
7 баланың анасы. Қазіргі уақытта барлық балалар Талас ауданында жұмыс істейді. 1996 жылы "Мақсат" ШҚ ашты. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша мемлекеттен несие алып, асыл тұқымды сиыр мен бұқа сатып алды. Етті Қордай, Меркі ет комбинаттарына, сондай-ақ халыққа сатады. Талас ауданын шұбат, қымыз сусындарымен қамтамасыз етеді.
Андасбаева Бибіжар, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Шу қаласындағы "Майра" және "Әділет" екі ірі сауда үйлерінің директоры болып табылады. 30-дан астам адамды жұмысқа орналастырды. Өнімнің кең сұрыпталымының арқасында халық арасында танымалдыққа ие болды.
Мұрат Айгерім Мұратқызы, "Happycake" кондитерлік үйінің директоры, Тараз қаласы.
2021 жылы Тараздағы үздіктердің бірі "happycake_taraz" кондитерлік дүкенін ашты. Дәмді кондитерлік өнімдердің кең желісі азаматтар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Әйгерім-көптеген қайырымдылық жобаларының қатысушысы, ауру баланың көмегі үшін жәрмеңкелерді ұйымдастырушы еріктілердің бірі.
Анарбаева Мөлдір, журналист, танымал блогер, кәсіпкер. Журналист және блогер ретінде Мөлдір әйелдер көшбасшылығының дамуына үлкен үлес қосып келеді. 2021 жылы қайғылы оқиғадан кейін Байзақ ауданына ақша жинауды ұйымдастырып, зардап шеккендер үшін 6 млн.теңге жинады.
Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы отбасылық бизнес ашқан отбасылар үшін арнайы сыйлық тағайындады.
Ақшалай сыйлық - 100 мың теңге!
Олардың қатарында, Ниясалиева Айнұр Медетқызы, Тараз қаласы.
"Білгеніңмен бөліс" жобасының қатысушысы, көп балалы ана, жеті баласы бар. Жұбайы мен балаларымен бірге қаздар өсірумен айналысады. Іскер әйелдер қауымдастығы өрттен зардап шеккен үйін қалпына келтіруге және бизнесті қайта бастауға көмектесті. Қазір оның 100-ден астам қазы бар, құстардың жаңа партиясын өсіруге дайындалып жатыр.
2. Әбдалимова Жанат Ақымжанқызы, Тараз қаласы.
Төрт баланың анасы, Тектұрмаста тұрады. Ол қаймақ, айран, сүзбе, құрт шығарады. Халыққа сүт және сүт өнімдерін сатады.
3. Нұрсейітова Эльмира, "Формат" жарнама агенттігі, Шу ауданы.
2016 жылы ата-анасынан айрылғаннан кейін Шу қаласында 5 ағайынды жан жарнама агенттігін ашты.
4. Қалдыкөл Қайыпова, Талас ауданы.
Ол негізін қалаған отбасылық наубайханаға 45 жыл болды. Күн сайын 3 мыңнан астам түрлі өнімдер шығарады: нан, торттар, тоқаштар. Орта және кіші ұлы анасымен жұмыс істейді, немересі өнімді тасымалдауға көмектеседі.
Қалдыкүлдің 5 баласы, 11 немересі және 2 шөбересі бар.
5. Гүлсім Саурықова, «Аса аялы алақаны» қоғамдық қорының жетекшісі, Жамбыл ауданы.
Қайырымдылық қоры тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды қолдаумен айналысады. Сондай-ақ, Қор көп балалы аналарға және жалғыз басты аналарға азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Бүгін «Анаға тағзым» орталығында өткен «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық форумда осындай ондаған әйелдің еңбегі еленіп, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының марапатына ие болды. Өңір бизнесін өрге сүйреп, өмірлерін гүл жайнатып жүрген бұл әйел-аналардың 90 пайызы көпбала аналар
Қазақтың осындай мықты арулары барда елдің ертеңіне деген сенім сөнбейді
[xfvalue_img]