Қазақ халқының дарабозы - Қабанбай батырға 329 жыл
Шығыс Қазақстанда жоңғар басқыншыларымен ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушыларының бірі, қазақтың қайсар қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырдың келер жылы болатын 330 жылдық мерейтойына арналған алғашқы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Іс-шара Қабанбай батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен, сондай – ақ Ұлы қолбасшының өмірі мен қазақ халқының өркендеуіне қосқан жоғары жеңістері туралы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған жылжымалы көрмеден басталды. Айта кетейік, Қаракерей Қабанбай батыр туған жерін жаудан азат ету үшін 103 шайқасқа қатысып, жеңіске жетті.
Бірінші ғылыми-тәжірибелік конференцияға С.Аманжолов атындағы ШҚУ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Қанат Есенов, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің директоры Жаңыл Назарбаева, Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Нұрланбек Тоқтабаев, Шығыс Қазақстан тарихшылары қатысты.
Конференцияны құттықтау сөзімен "Қабанбай" халықаралық қорының және "Ер-Қаптағай" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құсман Шалабаев ашты.
- Шығыс Қазақстан облысына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін. Бұл іс-шарамыз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Келесі жылы Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойын ауқымды түрде ел болып атап өтуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте біз жастарымыздың осындай батырлардың, ата-бабаларымыздың рөлі мен тарихымыздағы маңызды орнын терең түсінгенін қалаймыз. Ұлы қолбасшының өміріндегі көптеген тарихи оқиғалар мен фактілер әлі зерттелген жоқ. Университеттермен, тарихшылармен бірлесіп осының бәрін қамтығымыз келеді. Әрине, жоғары деңгейде мәдени, спорттық және ғылыми іс-шаралар өткіземіз деген жоспарымыз бар, - деді Құсман Шалабаев
Алғашқылардың бірі болып С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор-лекторлары, тарих ғылымдарының кандидаттары Роза Чекетаева мен Маратбек Ақанов баяндама жасады. Профессорлар ғасырлар бойғы арманы мен қазақ халқының басты құндылығы – Тәуелсіздік тарихындағы батырдың орны туралы, сондай-ақ Ұлы қолбасшы жайлы шынайы аңыздар туралы айтып берді. Одан әрі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов "Ауызша және жазбаша деректердегі Қабанбай батырдың тұлғасы" тақырыбына тоқталды.
Аягөз шайқасының тарихи-танымдық экспедициясының қорытындылары туралы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Қанат Есенов баяндады.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бас ғимаратында ғылыми-практикалық конференция жалғасты. Жоңғар хандығының құлауының егжей-тегжейлері, ұлы Абылай хан сыйға тартқан қолбасшының қосымша аты туралы айтылды. Соңында Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бейбітгүл Шүршітбай қазақ қоғамындағы басқа кейіпкерлердің рөлі туралы қызықты ақпарат берді.
Шара соңында Ұлы қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]