Қызылордада ҚАЖ департаментінің 29 қызметкері біліктілігін арттырды
Әрбір құқық қорғау қызметкері психологиялық-моральдық тұрақтылықпен қатар, дене шынықтыру дайындығы, заңнамаларды, қызметтік ережелерді, ішкі істер министрлігінің бұйрықтарын білуге, оларды кәсіби тұрғыда орындауға міндетті. Осыған орай қызметкерлердің кәсіби, қайта даярлау біліктілігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 29 қызметкері, біліктілігін арттыру курсынан өткен. Олар ҚАЖ комитетінің Павлодар қаласының Оқу орталығында және ҚР ІІМ-нің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академияларында білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттырды. Әрбір қызметкер заңдылықты жіті білуі міндетті әрі оны қызметте орынды қолдануы маңызды, адамгершілік пен кәсіби біліктілікті ұштастыра білсе, сыбайлас жемқорлыққа, тәртіп бұзушылыққа, қызмет бабын асыра пайдалануға жол бермесі анық»,- дейді қадр саясаты тобының бас маманы Ақерке Абжалиева.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]