Халық арасындағы АИТВ-инфекциясына тексерілетін негізгі контингенттер

Халық арасындағы АИТВ-инфекциясына тексерілетін негізгі контингенттер

      ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) деп аталып алғаш клиникалық куәлік алғаннан бері 40 жылдан астам уақыт болды. АИТВ/ЖИТС-ның әлемнің барлық елдеріне тез қарқынмен таралуы жалғасуда. Бугінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында барлығы 45725 жағдай тіркеліп отыр, ал  Нұр-Сұлтан қаласында –  2471 жағдай.

            АИТВ-инфекциясы - бұл адамның иммун тапшылык вирусы. АИТВ- инфекциясы адамның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамайды.

Өзінің оң натижелі АИТВ-мәртебесі туралы білген адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіледі және де ол өмірге қауіпті және аурудың алдын алуға қабілетті болып келеді. Сондай-ақ АИТВ оң болған жағдайда иммундық статус пен басқа да көрсеткіштерді қадағалау өте маңызды, бұл дер кезінде вирусқа қарсы ем тағайындауға және ЖИТС-ның дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Кейбір адамдар өзінің АИТВ мәртебесі туралы білген жағдайда, үнемі мазасызданудан және жұқтыру мүмкіндігі туралы беймәлім ойлардан қорқынышта болуы мүмкін. Кез келген жағдайда, талдау жасалғаннан кейін оң натиже бергенде адам бір жолын таңдайды, яғни өз денсаулығының жағдайы туралы білген кезде өзінің одан арғы өмірі туралы шешім қабылдайды.

             Адамға бұл инфекция қатты әсер еткен кезде өзінің мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Сондай-ақ, адамның жыныстық серіктесінің қауіпсіздігі туралы алаңдайтындықтан, олардың АИТВ-мәртебесі туралы білуі маңызды болуы мүмкін. Мұның бәрі ерікті тестілеуге қатысты.

           Ерікті тексерілуден басқа АИТВ-инфекциясының бар-жоғын анықтайтын жолдары бар:

- анонимді (құжаттар қажет емес, экспресс-тестілеу арқылы);

- құпия (жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады).

             Анонимді өтініш берген адамдар үшін арнайы әзірленген тестілеу алгоритмі бар. Тексеру экспресс-тестілеуден өтеді. Экспресс-тест нәтижелері бойынша  ауызша ақпараттандырумен тестіден кейінгі кеңес беру жүргізіледі.      

             Экспресс-тест нәтижесінен кейін АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды беріледі. Экспресс-тест нәтижесі теріс болған жағдайда тексерілушіге жұқтыру факторлары болған жағдайда үш айдан кейін қайта тесттен өтуге кеңес береміз. Ал экспресс-тест нәтижесі оң болған жағдайда  ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасының алгоритміне сәйкес АИТВ-инфекциясына тексерілуден өтуге кеңес береміз.

        Халық арасында АИТВ-инфекциясына міндетті түрде тексерілетін негізгі контингенттер: донорлар- әр донация алдында, жүкті әйелдер 2 рет- есепке тұру кезінде және жүктіліктің 28-30 аптасында, биоматериал реципиенттері, АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап донорлық биоматериалды трансплантаттауға немесе гемотрансфузияға дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде және одан кейін 1 және 3 айдан кейін қайта

             Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеруге  халықтың осал топтары; сотталғандар; медициналық персонал; әскери қызметке шақырылған адамдар; жедел және планды отаға жіберілетін пациенттер жатады.

      Өз денсаулықтарыңызға бей-жай қарамай, АИТВ-инфекциясын жұқтырып алудан сақтанып жүруге кеңес береміз!

     ЖИТС орталығының дәрігерлері Қазақстан Республикасының әрбір азаматын өз денсаулығының игілігі үшін - жылына бір рет АИТВ инфекциясына тегін  тексерілуіне шақырады!

«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК

 Дәрігер-эпидемиолог А.Идрисова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Whgjbx 28 августа 2023 00:09

    buy dipyridamole 25mg pills <a href="https://plenpid.shop/">buy gemfibrozil without prescription</a> pravastatin over the counter

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.