ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

29 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысуымен Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды. Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Шерзад Нишановтың демеушілігімен бой көтерген жаңа медициналық орталық 70 орынға лайықталған. Инвестиция көлемі 120 млн теңгені құрап, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Емдеу мекемесі физиотерапия, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығының ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Ол Түркістан облысында қарқынды дамып келе жатқан медицина саласындағы жетістіктерге тоқталып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген медициналық мекемелердің саны артқанын атап өтті.

«Медицина саласына тартылған инвестиция көлемі күн санап артуда. Жекеменшік клиникалар Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында салынып жатыр. Медицина саласын дамытуға жан-жақты күш салынуда»,- деді облыс әкімі.

Өз кезегінде, М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының институттары мен құрылымдарының жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызды бастамалар мен жобаларды іске асыруға қатысуының маңыздылығын, бұл азаматтық патриотизмнің көрінісі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

 «Еліміздің оңтүстік бөлігі түрлі ұлт өкілдері көп шоғырланған аймақ. Әсіресе осы Түркістан, Шымкент өңірлерінде өзге ұлт өкілдері өз шаруаларын дөңгелетіп, тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі жеке кәсіппен айналысып, сол аймақтағы қарапайым халықты бірқатар жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Ашылып жатқан жаңа медицина орталығы да халқымыздың денсаулығын жақсартуда өз үлесін қосып, кеңейіп, бұдан да көп азаматтарымызды жұмыспен қамтамасыз етеді деп сенемін. Бұл үлгі боларлық игі іс»,- деді Марат Әзілханов.

Ассамблея Төрағасының орынбасары бұған дейін Шымкент қаласы және Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш, Төле би, Келес аудандарындағы ҚХА құрылымдарының басшыларымен, этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесіп, Ассамблея ағартушылық және әлеуметтік-бағдарлық жұмыстарға баса назар аударуы тиіс екеніне тоқталды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер мен олардың белсенділері өз этностарының топтарымен өзара тығыз байланыста және жаңа, әрі тиімді бағытта жұмыс жасау қажеттілігінің маңызын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.