Тергеу изоляторында адвокаттарға қандай жағдай жасалған?

Тергеу изоляторында адвокаттарға қандай жағдай жасалған?

 Бүгін ЗК- 169/1 тергеу изоляторына, адвокаттарға қорғаушылармен кездесу ұсыну, проблемалық мәселелерді талқылау және оларды шешу жөнінде ведомсаралық жұмыс тобы келді.

   Бұл топтың құрамында, Қызылорда облысы бойынша басқарма прокуроры Ж. Баттал, адвокаттар алқасының адвокаты М.Даубалаев, қоғамдық бақылау коммиссиясының төрағасы С.Теңізбаев  және ҚАЖД-нің РжҚТ-ның жедел уәкілі әділет капитаны Ғ.Рахымжан болды.

 Мекеме бастығы,  әділет подполковнигі А.Тасқараев  алдымен, келген өкілдерге  мекемеге келуші адвокаттардың құқықтары сақталып, бақылап өткізу пунктерінде  Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының қызметкерлері заң аясында  тексеру және қадағалау жұмыстарын атқаратындығы, адвокаттардың және заңды өкілдердің жеке заттарын (ұялы телефон) сақтауға  арналған ұяшықтармен қамтамасыз етілгендігі, яғни фронт офистегі барлық тиісті шаралар жайында айтып өтті.

  Содан соң, келуші топ, адвокаттар бөлмесі мен қорғаушылардың кездесу тәртібінің заң талабына сәйкестілігінің және олардың барлығының карантиндік сақтық шараларын сақтай отырылып өтетіндігінің куәсі болды.

Яғни, адвокаттардың қамаққа алынған адамдармен  кездесуі барысында тәртіпсіздікті алдын алу және қадағалау мақсатында, адвокаттардың бөлмесінде 2 дана бейнебақылбау,(дыбыс жазу функциясы жоқ) камерасы орнатылғандығы, қамаққа алынғандардың адвокатпен кездесуі интернет жүйесі (скайп) бағдарламасымен өтетіндігі, сот процестері  қашықтықтан байланыс жүйесі арқылы « Zoom » бағдарламасымен жүргізілетіндігін көріп өтті. Сондай-ақ,  адвокаттардың  күту уақытын барынша азайту мақсатында  оларға қорғауындағылармен  жеке қабылдауға  арнайы екі (2) бөлмемен және 2 (екі) интернет  жүйесі  арқылы арқылы  қабылдауға арналған кабинетпен қамтамасыз етілгендігін де көрді.

   Осылайша, тергеу изоляторында адвокаттарға барлық жағдай жасалғанмен де, бұл іс-шараны қорытындылау бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында, мекемеге келген ведомсаралық топ өкілдері тарапынан бірқатар ұсыныстар да, болды. Мекеме бастығы, бұл ұсыныстардың алдағы уақытта назарға алынатындығы жөнінде сенім білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.