Елордалық ANTIKOR ORTALYGY алаңында "Самұрық-Энерго" АҚ ұжымымен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті
«Antikor Ortalyǵy»- да «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жеке құрамымен жұмыс кездесуі өтті, онда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.
Кездесу барысында спикер комплаенс қызметінің міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және "Protecting Business and Investments"жобасы шеңберіндегі жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Комплаенс-қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, іскерлік этика кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер болып табылады» — деп атап өтті Айбек Қабылдин.
Бүгінгі таңда елорда аумағында комплаенс қызметін енгізген 60-тан астам ұйым бар. Бұдан басқа, жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің жұмыс істеуі мысалдары бар.
Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу жөніндегі міндет заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
[xfvalue_img]