Нұр-Сұлтан қаласында алимент бойынша 15 000 борышкер тіркелді

Нұр-Сұлтан қаласында алимент бойынша 15 000 борышкер тіркелді

2021 жылғы 12 тамызда онлайн форматта алимент төлемдері бойынша жұмыссыз  борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдем беру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті (әрі қарай – Департамент), Халықты  жұмыспен қамту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы (әрі қарай – Өңірлік палата) болып табылады.

 70-ке жуық борышкерге бухгалтер, менеджер, оператор, заңгер, күзетші, жүргізуші, инженер, дәрігер, сарапшы, құрылысшы, экономист сияқты бос орындар ұсынылды.

Жалақысы 80 000-нан 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындарын «Байбатыр күзет» ЖШС, «Apple city corps» ЖШС, «Завод очистных сооружений» ЖШС, «Sas security service» ЖШС, «Астана қалалық жарық» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты жұмыс берушілер ұсынды.

Өңірлік палата ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «алимент» санатында 15 000-ға жуық атқарушылық құжаттар бар, оның 8 500 мерзімді орындауда екенін Департамент басшысы Азамат Бердыбеков атап өтті.

«1000-ға жуық атқарушылық  өндірістер борышкерлерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған, 3000-ға жуық борышкермен төлемдер уақытылы ерікті түрде төленеді, сонымен қатар, 2500 борышкердің тұрақты табыс көзі жоқ, яғни жұмыссыз болып табылады.

Осыған байланысты, борышкерлерге жұмысқа орналасуға көмек көрсету мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығы және Өңірлік палатамен  бірлесіп осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз» , - деді Азамат Бердыбеков.

«Мені «Apple city corps» ЖШС-мен ұсынылған экспедитор-жүргізуші бос орыны қызықтырды, сол ұйымға сұхбаттасуға баруды жоспарлап отырмын», - дейді жәрмеңкеге қатысушы Евгений Панченко.

Жәрмеңкенің басқа қатысушысы Сұңғат Бусурмановтың айтуынша, ол  бірнеше ай бойы жұмыссыз, себебі пандемияға байланысты алдыңғы жұмысынан шығып қалған.  

«Осы жәрмеңкеде мамандығыма сәйкес бірнеше жұмыс орындарын таптым. Қазір «Завод очистных сооружений» ЖШС-нің электригі бос орынын қарастырып отырмын», - дейді ол.

 Іс-шара барысында жұмыс берушілер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, байланыс телефондарымен алмасты.  

 Ағымдағы жылдың соңына дейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін тағы бірнеше рет өткізу жоспарда бар.

Ескертсек, борышкерлердің мұндай іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ ұсынылған жұмыс орнынан бас тарту бойынша жауапкершілік қарастырылған және ол алимент төлеуден қасақана жалтару болып қабылданатынын атап өткен жөн. Мұндай жағдайда тұлғалардың әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілігі қарастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.