СҚО-да «Балалар профилактикасы және бақылау» акциясы бастау алды
Қылмыстар, құқық бұзушылықтар, ЖКО мен жазатайым жағдайлар – жаңа оқу жылының басталуынан бір ай бұрын солтүстікқазақстандық полицейлер балалар мен жасөспірімдер тараптарынан, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмысты күшейтті.
«Тамыздың 5-нен «Балалар профилактикасы және бақылау» облыстық акциясы өткізілуде, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Акцияға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің 260-тан астам өкілі жұмылдырылды. Оның 215-і полиция қызметкерлері». Акцияның мақсаты жан-жақты: полицияда есепте тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ауыр қылмыс жасағандары үшін бұрын сотты болған тұлғаларды, тұрмысы төмен жанұяларды тұрғылықты жерлері бойынша тексеру. Учаскелік инспекторлар мен ювенальдық полицейлердің мақсаты: барған отбасыларының тұрмыс-тіршілігіне назар аудару, көшеде жүріп-тұру ережелері және байтаныс адамдармен сөйлеспеу жайлы жасөспірімдер, балалар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
Акцияның алғашқы күнінде облыста есепте тұрған 530 адам, оның ішінде бұрын сотталған 98 адам, шартты түрде мерзімінен босатылған 64, сондай-ақ 122 тұрмыс төмен отбасы тексерілді. Есепте тұрған адамдардың тарапынан орын алған 4 құқық бұзушылық анықталды. Ювеналдық және учаскелік полицейлер тұрғын үйлердің аулаларында, балалар сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде 169 түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудандық полицейлер егістіктегі жұмысшылармен кездесіп, шаруа және фермерлік қожалықтарда профилактикалық әңгімелесулер өткізуде.
«Барлық ересек адамдарды балалардың демалысына, әсіресе жасөспірімдердің ересектердің ілесіп жүруінсіз су қоймаларында шомылу фактісіне ерекше көңіл аударуға шақырамыз. Сондай-ақ сәбилердің ата-аналарынан пәтерлердің терезелерін бақылауды; кішкентай бүлдіршіндері терезесі ашық бөлмеде қалдырмауды, оларды арнайы бекіткіштермен жабдықтауды сұраймыз», - Қанат Айтбаев.
Акция «Балалар профилактикасы және бақылау» акциясы 13 тамызға дейін жалғасады.
Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]