Салық заңнамасының негізгі өзгерістері туралы

Салық заңнамасының негізгі өзгерістері туралы

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 24 маусымда №53-VII Қазақстан Республикасының Заңына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістерін хабарлайды. Заң, оның жекелеген нормаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Салық міндеттемелерін орындау туралы салық төлеушілерге хабарлау

Салық кодексінің 13-бабының 2-тармағы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Салық міндеттемелерін орындалуы туралы хабарлама алу үшін салық төлеуші салық органына өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді беруге құқылы. 

Арнаулы мобильді қосымшаны («е-SalyqBusiness») пайдаланумен арнаулы салық режимін енгізу

Салық кодексінің 67, 79, 115, 166, 190, 213, 482, 678, 679, 680, 681, 683, 684, 2-1 тарауы ,686-1,686-2,686-3 баптары, Қолданысқа енгізу Заңының 33 бабы (358 және 362) 2022 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильді қосымшаны қолдана отырып жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнаулы салық режимі енгізіледі.

Аталған ережелерге сәйкес мобильді қосымша кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуін қамтамасыз ету тиіс. Осылайша, мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жеке кәсіпкер ретінде қарапайым онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, көрсетілген арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін СЕН ұсынуды алып тастау қарастырылады. 

Банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін 6 АЕК-тен астам мөлшерде салық берешегінің шекті шегін белгілеу

Салық кодексінің 118-бабы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Салық берешегінің шекті шегі белгіленген (6 АЕК немесе 17 502 теңге) одан төмен салық берешегі өтелмеген жағдайда шығыс операцияларын бұғаттау бойынша шаралар қолданылмайды.

2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі

Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерге мемлекеттік кірістер органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді онда көрсетілген берешекті өтеген кезде қайтарып алғанға дейін  банктік шот бойынша шығыс операцияларын қайта бастау құқығы беріледі. 

БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсету

Салық кодексінің 166-бабының 7-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Аталған түзету ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК-ға он-лайн БКМ чегін беруге мүмкіндік беру мақсатында көзделген.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап – ҚҚС төлемеушілер құны 1 000 АЕК жоғары мәмілелер бойынша ЭШФ жазып беруге міндетті және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы КТС мақсаттары үшін ЭШФ шығыстарын растайды (242-баптың 3-1-тармағы және 8-тармақшасының) ҚР СК 412-бабының 1-тармағы).

Бұл ретте бұрын мұндай шығыстар бухгалтерлік құжаттармен немесе салалық заңнамаға сәйкес ресімделетін құжаттармен (тауарларға арналған жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілері, төлем құжаттары және т.б.) расталған.

Шағын бизнес субъектілері үшін қосымша ауыртпалықтарды болдырмау мақсатында:

- ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 1 000 АЕК (2,9 млн. теңге) астам сомаға ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға чекте алушының ЖСН / БСН көрсете отырып, БКМ он-лайн чегін ұсыну (Салық кодексінің 242-бабы);

- чектің құрамына сатып алушының ЖСН/БСН енгізу және сатып алушының талабы бойынша осындай чекті ұсыну бойынша (Салық кодексінің 166-бабы).

Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында 1000 АЕК-тен жоғары мәмілелер бойынша ЭШФ міндетті үзінді көшірме алынып тасталды. 

ЭШФ жазып бермеу

Салық кодексінің 242-бабының 3-1-тармағы 412-бабының 13-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі

2022 жылдан бастап сатып алушыға БКМ он-лайн чегін ұсынған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері және тауарларды бөлшек саудада соңғы тұтынушыға (бөлшек саудада өткізушілер) ЭШФ жазып беру бойынша талаптар алынып тасталды.

2021 жылға пилоттық жоба шеңберінде 2021 жылға ЭШФ шығару бойынша талаптарды алып тастау бойынша ұқсас нормалар көзделген. 

Жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға бағытталған кірісті КТС-тен босату

Салық кодексінің 266-бабы 2-тармағының 18) тармақшасы және 288-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Инвестициялық ахуалды жақсарту және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мақсатында Өңдеуші өнеркәсіптің шағын кәсіпкерлік субъектілері КТС-ға өндірісті дамытуға (өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды сатып алуға немесе салуға) қайта инвестицияланатын пайдаға салық салмайды. 

Топ ішіндегі қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге арналған шығыстарды шегерімге жатқызу

Салық кодексінің 246-бабының 4-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Бүгінгі күні Ұлттық компания сыртқы нысаналы қарыздарды тарту кезінде түпкі пайдаланушылар олардың еншілес ұйымдары болып табылады. Шетелдік инвесторлар тікелей еншілес ұйымдарға қарыздар бермейді. Бұл ретте бас компанияға еншілес компаниялардан төленетін сыйақы толық көлемде шегерілмейді. Осылайша, еншілес ұйымдар ұлттық бас компаниядан алған қарыздар бойынша сыйақылар бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу құқығы беріледі. 

Мақта саласы туралы заңнамаға сәйкес келу

Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын және 256-бабының 4-тармағын алып тастау 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты көзделген. 

КТС бойынша салық салынатын кірісті азайту

Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің КТС бойынша салық салынатын табысты мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар немесе қорғаншылар, зейнеткерлер, жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйлерінің түлектері, босатылғаннан кейін он екі ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қандастар болып табылатын жұмыскерлерді кәсібі бойынша оқытуға, кәсіптік біліктілігін арттыруға немесе кәсібі бойынша қайта даярлауға жұмсалған шығыстар мөлшерінде азайтуы, бірақ олар босатылғаннан кейін он екі ай, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңі үшін бір қызметкерге тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болады. 

ҚҚС бойынша қосымша есепке алуды қолдану (70%)

Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Жаңа өндірістік компаниялар үшін өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын (Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ алкогольдік ішімдіктер өндіруді, темекі бұйымдары өндірісін және металлургия өнеркәсібін қоспағанда, Қазақстан Республикасының қажеттілігіне жаппайтын) тауарларды өткізу кезінде қосымша есепке алуды қолдану құқығы (70%) көзделген. 

«Qyzyljar» АЭА-да импортқа ҚҚС-тан босатуды тарату

Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы және 451 және 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы

Өзгерістер енгізу 12% - ға арзандауға байланысты ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін және отандық аграршылардың еңбек өнімділігін 2 есе арттыруды қамтамасыз етеді. 

Бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану (БЕТД)

Салық кодексінің 444-бабының 2-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

БЕТД ҚР сауда және интеграция министрлігі тізбе бойынша белгілейтін импортталған тауарлар бойынша ҚҚС есептеу кезінде құнды белгілеу үшін енгізілген сауда саясатының жаңа құралы.

ЕАЭО елдерінен тасымалданатын жүктердің мониторингі барысында Мемлекеттік кірістер органдары көптеген бұзушылықтарды, оның ішінде әкелінетін тауарлардың құнын төмендетуді анықтайды. Барлық осы фактілер салық базасының төмендеуіне байланысты ҚҚС жоғалтуына әкеліп соғады және адал кәсіпкерлер мен өндірушілердің тең емес бәсекелестік жағдайларына әкеледі.

ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бағалардың ең төменгі деңгейін енгізу әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алуға мүмкіндік береді.

Мұндай шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, бұл қазақстандық экспортты кемсітетін елдерге қатысты айна шараларын қолдану мүмкіндігі. 

Мүлік салығы бойынша 0,5% төмендетілген мөлшерлемені қолдану

Салық кодексінің 521-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы және 7-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Егер Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі салық кодексінің 521-бабы 2, 3, 4 және 5-тармақтарының бірнеше ережелеріне сәйкес келген жағдайда, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің салық базасына 0,5 пайыз мөлшерлемесін қолданатын және ең төменгі салық мөлшерлемелерінің бірін қолдануда таңдау құқығы туралы мүлік салығын төлеушілер қатарына қосу көзделген. 

Қоғамдық тамақтану саласы үшін 6% мөлшерлемесі бойынша бөлшек салықтың режимі

Салық кодексінің 696-1 бабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізіледі

Қоғамдық тамақтандыру саласы көлеңкелі экономикаға қарсы күресте жоғары әлеуетке ие болуына байланысты, қоғамдық тамақтандыру саласы үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимі 6% мөлшерінде салық мөлшерлемесін белгілей отырып, 2 жылға (2023 жылдан 2025 жылға дейін) ұзартылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады, мөлшерлеме 3%-ды құрайды. 

ЖТС мақсаттары үшін инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға және оларға жол бермеуге жұмсалған шығындарды шегерімге жатқызу құқығын беру

Енгізу туралы ҚРЗ 33-бабы (Салық кодексінің 319-бабы) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Бұл шара пандемияға байланысты тексеру мен емдеуге арналған шығыстарды қоса алғанда, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмыс берушінің шығыстары бойынша қызметкердің кірістерін салық салудан босатуға мүмкіндік береді. 

Цифрлық майнинг ақысын енгізу

Салық кодексінің 606-1-606-5-баптары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Цифрлық майнинг үшін төлем төлеушілер цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Төлем объектісі цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемі болып табылады.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасы цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде (криптовалютаны өндіру) тұтынылған электр энергиясы қуатының 1 киловаты үшін 1 теңге мөлшерінде болады.

Цифрлық майнинг үшін төлем есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады, салық есептілігі көзделмеген.

Төлеушілер өз қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болып табылатын майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайтын болады. 

Резиденттілік сертификатын ұсыну бойынша мерзімді ұзарту

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңның 57-7-бабы 2021 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі

2019 жыл және 2020 жыл үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсыну (заңдастыруды қоса алғанда) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.

Бұл шара шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмау үшін қажет, өйткені шет елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты құжаттарды ұсыну қиын болуда. 

ЖТС және әлеуметтік салықты төлеуді кейінге қалдыруды енгізу

Заңның 2-Бабы

2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салаларда ЕТҚ-дан ЖТС және әлеуметтік салық төлеу бойынша кейінге қалдыру енгізілді.

Осылайша, салық агенті 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей төлем көзінен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды жүргізеді, оны төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталады.

Осы баптың ережелері бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

15 пікір

  1. аватар
    Vance 7 октября 2023 21:30

    Awesome blog you have here but I was curious if you knew of
    any community forums that cover the same topics
    talked about in this article? I'd really love to
    be a part of community where I can get feed-back from other knowledgeable individuals that share the
    same interest. If you have any recommendations, please let me
    know. Appreciate it!

    Feel free to visit my site ... aankoop van slaappillen met mesalamine

  2. аватар
    Christiane 19 августа 2024 18:17

    чтобы руны работали молитва на сон современная значение карты таро совершение мир жезлов перевернутая,
    карта таро вселенная значение
    к чему снится стены окрашенные сонники крокодил убить

  3. аватар
    Isiah 18 сентября 2024 15:51

    кыз тауып берши маган скачать, саған айтам нұрмұхаммед
    жақып текст екі адам арасындағы диалог ағылшынша, сатушы мен сатып алушы диалог ағылшынша окэд 96090 рк,
    окэд компьютерный клуб рк welldone компания, welldone lms

    Here is my web site - крыша кз тараз аренда квартир

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив