ПД ЖҚАЖ қызметкері қазақ күресінен турнирде қола медаль жеңіп алды
Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай Тараз қаласындағы "Тараз-Арена" спорт сарайында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа 400-ге жуық спортшы қатысты. Күрес кілемдеріндегі тартыстарда Жамбыл облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға лейтенанты Маржан Өмірбекова да өз күшін сынап көрді. Ол төрт жекпе-жек өткізді, оның үшеуінде жеңіске жетті. Турнир қорытындысы бойынша Маржан Өмірбекова 77 келі салмақ дәрежесінде "қоланы" медалін жеңіп алды.
Қола жүлдегері әрбір айқастың өзіндік қиындықтары болғанындығын жеткізді. Барлық қатысушылар жеңіске ұмтылды.
Аға лейтенант жас кезінен спортпен шұғылданып, дзюдо және самбодан спорт шеберіне кандидат болады. Соңғы бірнеше жыл белгілі бір себептермен жаттығуға баруды тоқтатқан. Турнирге Маржан бірнеше апта ғана дайындалды, бірақ соған қарамастан жүлделі орынға ие болды.
- Турнирге қатысудың арқасында қазақ күресі-менің стихиям екенін түсіндім. Енді спортпен шұғылдануды жоспарлап отырмын. Спорт сергек болуға көмектеседі. Дені саудың-жаны сау деп бекер айтылмаған. Сонымен қатар, полицейлер әрқашан шымыр болуы керек, - дейді ол.
Маржан ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын Байзақ ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы болып бастады. Осы жылдың басында арнайы жедел әрекет ету жасағына ауысты.
Маржан өзінің төрт баласын спортқа баулуға тырысады. Тоғыз жасар Нұрдәулет джиу-джитсумен айналысады, бассейнге барады, онымен бірге бес жасар Айкөркем, төрт жасар Рахымжан жүзуді үйреніп жүр. Жеті жасқа толған олардың ағасы Ердәулет бокс пен каратені жақсы көреді.
[xfvalue_img]