Сотталғандарға соңғы қоңырау шарасы өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандарға арналған соңғы қоңырау шарасы өтті. Шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты. Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтижелер көрсеткен сотталғандарды мақтау қағаздарымен марапаттады.
«Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мекемеде орта білімі жоқ 9 сотталғанның екеуі 11 сыныпты бітіріп жатыр. Қалған сотталғандар орта білімін одан әрі жалғастырады. Қазір шыны керек түзелемін деген адам үшін біраз жағдай жасалған. Мұның барлығы аяқтарын шалыс басқан жандарды түзу жолға қойып, бостандықта өз жолын табуға мүмкіндік жасалуда»,- деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Қ.Дайрабаев.
«Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғандығым үшін жазамды өтеудемін. Осының салдарынан орта білімім де жоқ болатын. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Сол мектеп ұстаздарының табанды еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін», – дейді жазасын өтеуші.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
26 пікір