Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Ағымдағы жылғы 29 сәуірде сағат 19: 40 - та Жамбыл ның Түрксіб ауылы көшелерінің бірінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін "Volswagen Passat"маркалы жеңіл автокөлігі тоқтатылды. Рульде мас күйінде отырған ауылдың 33 жастағы тұрғыны болған.
Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, азамат заңды елемей, мас күйінде көлік басқарып, басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Өз кезегінде, Жамбыл облысының полицейлері автокөлік иелеріне жолдарда мұқият болу, жол жүру ережелерін сақтау және мас күйінде көлік жүргізбеу қажеттілігі туралы ескертеді, мұның орны толмас зардабы болуы мүмкін.
[xfvalue_img]