Түркі кеңесіне мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне  қатысты шетелдік сапаршылардың пікірлері

Түркі кеңесіне мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысты шетелдік сапаршылардың пікірлері

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) бейресми саммитінің нәтижесі бойынша бірқатар шетелдік сарапшылар аталған іс-шараға өз бағаларын берді. Осы ретте, Әзербайжан сарапшыларының пайымдауынша, ТМЫК Кеңеске мүше елдердің экономикалық дамуына да, сондай-ақ саяси өзара әрекеттесуіне де орасан зор мүмкіндік береді. Мысалы, Дүниежүзілік түркітану орталығының басшысы М.Г.Йологлуның (Әзербайжан) ойынша, ү.ж. 31 наурызда өткен ТМЫК саммиті Түркі кеңесінемүше елдердің келешектегі бірлескен жобаларына негіз болды. Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі мәртебесі Орталық Азия елдерінің интеграциясына ықпал етіп, тұтас өңірдің  экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

«Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі И.М.Велизаденің (Әзербайжан) пікірінше, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі жоғары беделі түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі көшбасшыларының ТМЫК бейресми саммитін ежелгі қазақ әрі түркі қаласы Түркістанда өткізуге шешім қабылдауында шешуші рөл атқарды.

«Түркі интеграциясының туын нық ұстап, түркітілдес елдердің ынтымақтастығын тереңдету үшін жаңа шешімдерді ұсынып отырған Қазақстан осы саммиттің күн тәртібін қалыптастыруда. Сауда-экономикалық байланыстар мен көлік коммуникацияларын жетілдіруге қатысты мәлеселерді шешумен қатар, гуманитарлық саладағы өзара әрекеттесуді кеңейту және тереңдетуге байланысты тақырыптарда ерекше назар аударуға тұрарлық»- деп атап өтті әзербайжандық сарапшы.

Әзербайжандық саяси сарапшы Э.Шахиноглудың пікірінше, ТМЫК шеңберіндегі әрбір кездесу Баку үшін ерекше маңызға ие. Әзербайжан бірнеше рет түркітілдес елдердің көшбасшыларын қабылдады. Түркі кеңесі аясындағы интеграция оған мүше елдердің мүдделеріне сай келеді. Бұл өңірлік жобалар, тауар айналымын арттыру және әртүрлі деңгейдегі байланыстарды нығайту мәселелері. Экономикалық қарым-қатынастар саяси өзара әрекеттесудің бұдан әрі нығаюына ықпал тигізетіні анық.

Баку көпмәдениеттілік халықаралық орталығының (Әзербайжан) аға кеңесшісі Т.Аббасов ТМЫК саммиті әлі де жалғасып жатқан жаһандық пандемия жағдайында ұйымның тағдырындағы маңызды оқиға болды деп санайды. Белгілі себептермен экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар өз қарқынын жоғалтып, жалпы құлдырау орын алған жағдайда өзара әрекеттесу форматтарын табу, интеграция жолында кедергілерді жеңе білу ТМЫК елдері тағдырында аса маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Әзербайжан мен Қазақстан өздерінің географиялық жағдайларына сәйкес өзара байланыстарды қолдауда функционалдық рөл атқара отырып, келешек үшін сенімді негіз қалап, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру драйверлері ретінде әрекет етуде. 

Мемлекет басшыларының қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуы қабылданып жатқан стратегиялық шешімдер аясында өте маңызды. ТМЫК мемлекеттері көшбасшылары жақындасуға қызығушылық танытып отырғаны анық. Шын мәнінде, мемлекет басшылары пікір алмасу үшін қашықтықтан мүмкіндіктер іздестіріп, қажеттілігі зор жол картасының жобасын қалыптастыруда. ТМЫК мемлекеттерінің көшбасшылары басымдықтарды белгілеп, мазмұнды және нәтижелі өзара әрекеттесу үшін берік негіз қалау керектігіне көз жеткізіп отыр. Саммит бірлескен деңгейде шешілуі тиіс үлкен міндеттер тұрғысынан өзінің маңыздылығын көрсетті.

ТМЫК-ға қатысты өзінің көзқарасын Қырғызстан филология ғылымдарының докторы А.Акматалиев те білдіріп, ТМЫК саммитінде көтерілген бірқатар маңызды мәселелердің көбі түркітілдес мемлекет басшыларының тарапынан қолдау тапқандығын атап өтті. Осы нәтижеге қол жеткізуде өз септігін тигізген түркі әлемінің нағыз көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев. 

ТМЫК саммиті туралы Өзбекстан сарапшылары да өз ойларымен бөлісті. Соның ішінде, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты директорының орынбасары (САЗИ) С.Валиев Түркі кеңесінің саммиті өзінің бейресми мәртебесіне қарамастан, өзінің зор нәтижелілігін көрсеткендігін атап өтті. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде қабылданған шешімдерді іске асыру мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың көпжақты форматта серпінді дамуына септігін тигізеді.

САЗИ басшысының орынбасары атап өткендей, ТМЫК саммиті өзінің бейресми мәртебесіне қарамастан, Түркістан қорытынды декларациясында бекітілген маңызды талқылаулармен толтыру және практикалық шешімдер қабылдау бойынша жоғары өнімділікті көрсетті. 

Іс жүзінде, мемлекет басшылары ТМЫК органдары мен мемлекеттердің 2021 жылғы қызметі үшін бағдарламалық негіз қалады.

С.Валиевтің пікірінше, қазіргі жағдайда бұл әсіресе маңызды, өйткені түркітілдес мемлекеттердің алдында пандемиядан шығу, ұлттық экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық байланыстарды қайта жандандыру бойынша кезек күттірмейтін міндеттер тұр.

Сарапшы мемлекет басшыларының кездесуінде көтерілген барлық мәселелер өте өзекті екеніне назар аударды. Оларды іске асыру Түркияда ү.ж. қарашада өтетін кезекті саммиттің алдындағы кезеңде түркітілдес елдер арасындағы көпжақты форматтағы қарым-қатынастардың серпінді дамуына ықпал тигізері сөзсіз.

Онлайн-саммитің қорытындылары түркітілдес мемлекет басшылары деңгейінде тығыз өзара түсіністік, тәсілдердің ортақтығы және халықтар деңгейінде жақындасуға ұмтылыс орнағанын көрсетті. Нәтижесінде ТМЫК шеңберінде ынтымақтастықты тиімді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды, деп сарапшы өз ойын түйіндеді.

САЗИ жетекші ғылыми маманы А.Каримов көлік- коммуникациялық байланыстардың даму қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, ол жоғары дамыған, тармақталған және орнықты көлік желілерін құру аймақтық экономикалық интеграцияны нығайту, түркітілдес мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту, олардың тұрақты өсуі мен Түркі кеңесіне мүше елдердің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл оның мүшелерінің халықаралық сауда жүйесіндегі орнын және жаһандық жеткізілім тізбегінің жаңа моделін нығайтады.

САЗИ бас ғылыми маманы Л.Умарова түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті ұстанымдардың ұқсастығын көрсетіп қана қоймай, Түркі кеңесі қызметіндегі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды рөлін тағы да растағанын атап өтті. Осы ретте, ТМЫК-ға мүше елдердің ұйым аясында туристік әлеуетін барынша  дамыту қажеттігі жөнінде ортақ ойға келуі өте маңызды.

Тағы бір маңызды мәселе - ғылым-білім беру саласында өзара әрекеттесуді өзектендіру болып табылады. Бұл тұрғыда түркі әлеміндегі әйгілі ғылым, білім, мәдениет пен өнер қайраткерлерін марапаттау үшін Өзбекстан А.Науаи атындағы Түркі кеңесінің халықаралық сыйлығын тағайындау жөнінде ұсыныс енгізіп отыр.

Осылайша, саммит барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың Түркі кеңесі дамуының маңызды бағыты болып қала беретінін тағы да растады. Бұдан басқа, ТМЫК платформасы мәдени-гуманитарлық саладағы өзара әрекеттесу арқылы экономика, көлік-логистика және басқа да бағыттарда мемлекетаралық байланыстарды едәуір нығайтуға мүмкіндік туғызады.

Орталық Азия Халықаралық институтының бас ғылыми маманы Ш.Кабиловтың пайымдауынша, ТМЫК саммиті барысында көтерілген бастамалар Өзбекстанның Түркі кеңесі аясындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін көрсетіп отыр. Бұл ғасырлар бойы тарихи байланыстарға, тілдердің, мәдениеттің, діннің және рухани құндылықтардың ұқсастығына негізделген әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан маңызы зор. Сондай-ақ, қазіргі заманның талаптарына сәйкес түркітілдес мемлекеттер халықтарының игілігіне бағытталған сәтті аймақтық ынтымақтастыққа қосымша серпін береді. 

Ресейлік журналист және саяси сарапшы Д.Бабич те ТМЫК саммитіне қатысты өз пікірін білдірді. Ол Түркі кеңесінің ұйымға мүше елдер болып табылатын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның экономикалық дамуына орасан зор мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Ұйым ЖІӨ 1,218 трлн. АҚШ долларын құрайтын 150 млн халқы бар үлкен нарықты қамтиды. ТМЫК аясындағы ынтымақтастық Кеңестің әрбір мүшесіне үлкен артықшылық береді. Түркия Еуропалық одақпен тығыз байланыста, ал Әзербайжан Зангезур дәлізінің арқасында Түркияны түркі әлемінің Орталық Азия бөлігімен қосуға дайын, Қазақстан болса Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпірге айналды.

Ресейлік сарапшы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың түркітілдес мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.

«Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің құрметті төрағасы болып табылатыны кездейсоқ емес.  Н.Назарбаевтың тұсында Қазақстан посткеңестік кеңістікте Шығыспен де, Батыспен де, Қытаймен және АҚШ-пен, Еуроодақпен және Ресеймен, Орталық Азия елдерімен және Каспий теңізінің арғы жағындағы түркітілдес Әзербайжанмен де тамаша қарым-қатынас сақтап қалған жалғыз елге айналды», - деп атап өтті Д.Бабич.

Жоғары экономика мектебінің (Ресей) саяси ғылымдар докторы А.Казанцев Түркі кеңесіндегі ынтымақтастықтың негізі түркі халықтарының ортақ мәдени, тілдік, тарихи бірлігі екендігі жөнінде өз пікірін білдірді. Ол Түркі кеңесі Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыру формаларының бірі болып табылатынын және оны ең алдымен, білім беру, мәдениет, экономика, саясат салаларында жаңғырту құралы ретінде пайдалануға болатынын атап өтті.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының профессоры, ресейлік сарапшы М.Каримов та ТМЫК-ға қатысты өз ойын білдірді. Ол Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың тарихи жол торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктерін, оның туристік әлеуетін пайдалану, Түркістан аймағында түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін арнайы экономикалық аймаққұру сияқты маңызды ұсыныстарын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың түркітілдес мемлекеттердің студенттеріне арнап 50 грант бөлу туралы ұсынысы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан жомарттығы мен қонақжайлылығының белгісі, - деді М.Каримов.

Чуллалангкорн Университетінің шығыстану институты мұсылман зерттеулер орталығының (Таиланд) профессоры А.Яманың пікірінше, «Түркі кеңесі» ретіндегі аймақтандырудың өсуі байланыстардың, ынтымақтастық пен үйлестірудің нығаюын талап етеді. Ал осы кездесудің нәтижесі бойынша ұйым мүшелері түркі әлемін осы аймақтың басты экономикалық және мәдени орындарына айналдыру үшін белсенді әрекеттесіп отырғандығын аңғаруға болады.

Италия саясаттанушысы Э.Пьетробонның айтуынша, ТМЫК ұлттық органдардан жоғары тұратын қазіргі заманғы халықаралық қарым-қатынастардың өмір шындығына айналып отыр. Саммит Кеңеске мүше елдердің арасындағы үйлестірушілік пен бірліктің жоғары деңгейін көрсетіп, әлемнің көпполярлық дәуірге өту процесі кезінде шешуші рөл атқаратындығын көрсетті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТМЫК қазіргі таңда Еуразия аумағындағы ең мықты органдарының бірі, сонымен бірге қазақстандық дипломатияның үздік жетістігі. 

Бразилиялық сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Л.Бижустың ойынша Түркі кеңесінің саммиті экономикалық даму, қорғаныс және қауіпсіздік тұрғысынан алғанда өңір үшін маңызды оқиға, сондай-ақ Бразилиямен және Латын Америкасының басқа елдерімен ынтымақтастық қатынастарын нығайту үшін ұмытылмас оқиға болып табылатынын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.