Тағылымдамадан өтуші бастығының телефонын ұрлаған
33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны елордадағы автокөлік жуу орындарының бірінде автокөлік жуушы ретінде тағылымдамадан өтіп жүріп «Samsung Galaxy A3» маркалы мобильді телефон ұрлығын жасаған. Ұрланған мобильді телефонды ер адам өтіп бара жатқан белгісіз адамға қолдан өткізген.
Телефонның ұрланғаны жөнінде полицияға автокөлік жуу орнының директоры хабарлаған.
Қаскүнем кешкі уақытта кабинетте ешкімнің болмаған сәтін пайдаланып, ұрлық жасап, оқиға орнынан жасырынған.
Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ер адам мойындау айғағын берді. Аталған факті бойынша «ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмауға және бұрыннан танымайтын адамдарға сенбеуге кеңес береді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]