Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке балалар мерекесін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді
Наурыз мейрамы қарсаңында «Ізгілік елшісі» әлеуметтік жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік қызметтің ұжымы облыстық «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының кішкентай балалары үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлерін шақырумен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды, ол бірде-бір баланы бей-жай қалдырмады.
Мерекеде балалар байқауларға, флэшмобтарға, шарларды үрлеуге, сондай-ақ күміс дискотека мен сабын көпіршіктер шоуына қатысты.
Іс-шараға қатысқан Департамент басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін дәстүрге айналған қайырымдылық акциялары, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қолдау мен көмекке мұқтаж адамдарға арналғанын атап өтті.
«Жаңа өмірдің басталуын білдіретін осындай жарқын көктем мерекесінде біз ерекше мұқтаж балаларға жылулық пен көңіл бөлгіміз келді. Біз жағымды әсер қалдырдық деп есептейміз, сонымен қатар осы Орталықтың балаларына қайырымдылық көмекті біз алдағы уақытта да көрсететін боламыз», - деп атап өтті ол.
Іс-шара балаларға кеңсе заттары түріндегі сыйлықтарды табыстаумен және мерекелік шай ішумен аяқталды.
Өз кезегінде, Орталық басшылығы мен балалардың өздері Департаментке жағымды көңіл-күй үшін алғыстарын білдірді.
[xfvalue_img]