СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті еріктілер жылы және «Ізгілік елшісі» жобасы аясында ремиссия сатысындағы онкологиялық аурулары бар балаларға арналған «Жаңа Өмір» бірінші республикалық оңалту бағдарламасын ұйымдастыруға қатысты.
Щучинск-Бурабай санаториялық-курорттық аймағының Балалар сауықтыру орталығында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары «University Medical Center», корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, «Амила» қоғамдық қоры, Ақмола облысының Білім басқармасы, бизнес пен волонтерлік топтардың өкілдері де болды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалиннің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге олардың мықты жақтарын табуға, әлсіз жақтарын дамытуға көмектесу. Мұндай іс- шаралар баланың қоғамның жан - жақты қолдауын сезінуі және оның жалғыз еместігін, өзіне сенуге, аурусыз бақытты өмір сүруге көмекке келуге әрқашан дайын мейірімді адамдар бар екенін түсінуіне жағдай жасай үшін қажет.
2-9 наурыз аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен 14 бала оңалту курсынан өтті. Онда таланттарды ашуға, қорқыныш пен қысылудан арылуға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар, балалар актерлер, музыканттар, суретшілер, журналистер, фотографтар болып шығармашылық шеберханаларда өнерлерімен тығыз танысты. Оңалту ауысымы барысында балалармен конкурстық іріктеуден және арнайы оқудан өткен психологтар, медицина қызметкерлері мен волонтерлер жұмыс істеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ізгілік елшісі» жобасының аясында Департамент қызметкерлері мұқтаждарға тұрақты түрде материалдық қамтамасыз етуде, сондай-ақ, моральдық қолдауда көрініс табатын қайырымдылық көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]