“ПАРАСАТ ЖОЛЫ” - ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫ

“ПАРАСАТ ЖОЛЫ” - ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫ

Ағымдағы жылдың 15 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және "Парасат жолы" республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапарының алғашқы нысаны Атырау қаласының сервистік әкімдігі болды.

Бұл жоба Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады, онда транспаренттілік, есептілік және қоғамдық диалог құру бірінші орынға шығады.

Сервистік әкімдіктің жұмысы "ореп space" форматында және фронт-офисте жүзеге асырылады, осылайша мемлекеттік органның азаматтар үшін ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жобаның тұжырымдамасы "бір терезе" қағидаты бойынша облыстың атқарушы билік органдарына халықтың ыңғайлы жүгінуін ұйымдастыруға бағытталған, азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен консультациялар алуға мүмкіндік береді, қажетті ақпаратты ұсынудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл ретте сервистік әкімдікте келушілер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

Одан кейін Жазира Жылқышиева мен Сәдібек Түгел Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде болып, "Саналы ұрпақ"клубының жетекшілерімен кездесті.

Қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел ұлттық тәрбие, көшбасшылық туралы айтып, университет жұмысына оң баға берді.   

"Мен адалдықты, әділдікті жақсы көремін. Менің басты құндылықтарымның бірі — әділеттілік. Сондықтан біздің қоғамда өмір сүретін әрбір адам өзіне, өмірге, балаларға, қоғамға, Отанға деген әділ болуы керек. Ол кезде сыбайлас жемқорлық, ұрлық және басқа да қиыншылықтар болмас еді", - деп түйіндеді ол.

Одан әрі, "Парасат жолы"облыстық орталығының мүшелерімен кездесу өтті. "Парасат жолы" жобасын іске асыру жөніндегі Антикор бастамасының қоғамда, оның ішінде кітапханалар арқылы парасаттылық, адалдық қағидаттарын ілгерілету жөніндегі маңыздылығын атап өту қажет. Жоба шығармашылық интеллигенцияны біріктірді: жазушылар, ақындар, еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім және ғылым қайраткерлері.

Өңірдің 144 мемлекеттік кітапханасында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мәдениет басқармасы арасындағы өзара іс-қимыл аясында "Парасат жолы"орталықтары жұмыс істейді. Осы алаңдарда қоғамдық, шығармашылық және ғылыми интеллигенция мен дін өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.