Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды

Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.

Комиссия жұмысына тең төрағалар ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бірінші орынбасары Элис Уэллс қатысты. Қазақстандық делегация құрамына ішкі істер, ұлттық экономика, сауда және интеграция, ақпараттық және әлеуметтік даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және әділет министрліктерінің өкілдері кірді.

Комиссия отырысының негізгі мақсаты 2019 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағын анықтау болды.

Іс-шараның күн тәртібі жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, лаңкестік пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, Сирия мен Ирактағы соғыс аймақтарынан Қазақстан азаматтарының репатриациясы және реинтеграциясы сияқты көптеген тақырыптарды қамтыды. Киберқауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, Орталық Азиядағы аймақтық сауда қатынастарын нығайту, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл, гуманитарлық өлшем мен адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық  та қарастырылады.

Комиссияға  қатысушылар Қазақстан экономикасын әртараптандыру жолында іскерлік серіктестікті одан әрі тереңдетудің, атап айтқанда өнеркәсіптік өндіріс, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау және қаржы салаларында маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, екіжақты сауда, оның ішінде Жалпы преференциялар жүйесі аясында кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанда ДСҰ министрлік кездесуіне дайындық кезінде ынтымақтастық орнату туралы, сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруі туралы келісімге қол жеткізілді.Гуманитарлық өлшемдер жөніндегі комитеттің отырысында білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты құру, БАҚ-ты дамыту және қазақстандық үкіметтік емес секторды қолдау жолдары қарастырылды. Американдық тарап Қазақстанның осы бағыттардағы күш-жігерін жоғары бағалады. 

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

62 пікір

  1. аватар
    Jade Кеше, 14:47

    Account eligibility, supported identifiers, and daily transfer limits
    vary by bank, so check your banking app before making a casino deposit or requesting a
    PayID withdrawal. Australia’s four major banks, CommBank, Westpac, NAB, and ANZ,
    support PayID payments through mobile or online banking.

    Check the cashier before depositing so you know which payout methods,
    minimum limits, and KYC rules apply. PayID support only covers the payment process, though, and does not prove that the operator is
    safe or reliable. You select PayID in the cashier, enter the payment details supplied by the casino, and approve
    the transfer through your banking app. Payouts are not always immediate, but the instant PayID
    deposits and range of promotions make it a good fit for regular users.
    Kingmaker is the right choice if you want several PayID-friendly bonus options, including up to AU$750, 50 free spins, and ongoing rewards
    through its Bonus Shop.

    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.