ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

Маңғыстау облысына іс- сапарымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов келді. Өңірдің индустрияландыру картасы жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысқан министр облыс әкімі Серікбай Трұмовпен бірге бірқатар инвестициялық дамуы аясында жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік нысандарды аралады.

Бірінші кезекте делегация Түпқараған ауданындағы Дунга кен орнының аумағында орналасқан «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» компаниясы іске асырып жатқан теңіздің/қатпарлы суды дайындау және айдау жүйесімен танысты. Жоба ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,1 млн. текше метр суды құрайды. Бүгінде онда 290 адам еңбек етеді. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 8,6 млрд. теңге.

Одан кейін жұмыс тобы Маңғыстау облысы үшін маңызды жобалардың бірі – Түпқараған ауданындағы қуаттылығы жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасына барды. Жоба құны-5 млрд.теңге. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмыстары, кафель төсеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті инфрақұрылым тарту жұмыстары мен заманауи техникалармен жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталған. Фабрикадағы техникаларды монтаждау жұмыстары үшін Иран, Түркия, Өзбекстаннан арнайы мамандар шақыртылған. Жобаны іске қосу 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы секторын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан тағы бір жоба – Мұнайлы ауданындағы құрама жем өндіру зауыты – «Жамалбек» ЖШС. Зауыттың өндірістік қуаты сағатына 10 мың тонна түйіршіктелген құрама жемді жинайды. Зауытта 30 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны-1.7 млрд.теңге. Бүгінгі таңда өнеркәсіп орынының негізгі ғимараты салынған. Газ және су желілері тартылуда. Зауытты іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

34 пікір

  1. аватар
    Marcia 17 ноября 2024 20:32

    кмк специальности, кмк модуль аяқтары жойылған жорғалаушылар, ұрпағын тірі туатын жорғалаушылар корпоративные тарифы kcell, кселл колл центр батыс еуропа
    қалалары, батыс еуропа болат өндіру

    my site шакарим студент

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.