ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысында

ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысында"Ертіс" ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы қаралды

Ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ертіс "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындыларын ұсынды. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, "Ертіс" ӘКК басшылығы қатысты. 

Жарғыға сәйкес "Ертіс" ӘКК мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін "Ертіс" ӘКК 9 қызмет түрін жүзеге асырады.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев атап өткендей, талдау барысында "Ертіс" ӘКК ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Атап айтқанда, талдау "Ертіс" ӘКК-де жұмысқа қабылдау рәсімі регламенттелмегендігі, адамдарды іріктеудің нақты критерийлері жоқ екендігі, нақты лауазымға орналасуға, үміткерлерді іріктеу кезінде бәсекелестік қағидаттары бұзылғандығы, келіп түскен түйіндемелер тіркелмейтіндігі және т. б. анықталды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейі бар "Ертіс" ӘКК кадр саясатын іске асырудың ашық еместігін көрсетеді, бұл "Ертіс" ӘКК-нің негізгі міндеттерін орындау сапасына теріс әсер етеді.   

Сондай-ақ, "Ертіс" ӘКК-нің ішкі нормативтік құжаттарында мүдделер қақтығысы институты көзделмеген.

Тұрғын үй құрылысы мен пәтерлерді сату кезінде, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде және тұрақтандыру қорының қызметінде жоғары дәрежедегі бірқатар тәуекелдер анықталды.

Барлық анықталған тәуекелдер бойынша тиісті ұсынымдар берілді, олардың орындалуы Департаменттің бақылауында.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

50 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.