СҚО-да Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы хабарлайды.
Талдау жұмысының бағыттарын алдын ала талқылау ведомство басшысының м.у.а. Нұрлан ЖАхиннің және СҚО ПД КҚБ бастығы Талғат Әбіловтың қатысуымен өтті.
Нұрлан Жахин сыртқы талдау ағымдағы жылдың 16 шілдесіне дейін жүргізілетінін атап өтіп, өңірдің белсенді азаматтарын Басқарманың құзыретіне кіретін әкімшілік кедергілер, оның ішінде азаматтық, Халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде, талданып отырған саладағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ұсыну арқылы талдау жүргізуге қатысуға шақырды.
Облыс тұрғындары ақпаратты upd.sko@antikor.gov.kz электронды мекен-жайына «СҚО ПД КҚБ талдауы» деген белгімен жолдай алады, оның барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
[xfvalue_img]