Ертіс өңірінің ауылдарында мемлекеттік қызметшілерге арналған спорттық секциялар ашу ұсынылуда
ZOOM плаформасында «Талимгер» жастар қоғамдық бірлестігімен «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер кеңесі өтті. Кеңеске облыс аудандары мен Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Бауыржан Қайрақбаев құттықтау сөз сөйлеп, өткен аптадан бастап жұмыс істей бастаған департамент жанындағы «Ертіс - jassarapshysy» сараптамалық жастар тобын ұйымдастыру туралы айтты. Бұл топ таланты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметті дамытуға тарту, мемлекеттік қызмет саласында жастар саясатын сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мақсатында құрылған. «Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзжұмысының барлық маңыздылығын сезініп, өз елінің патриоты болуға және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді, жас мемлекеттік қызметкерлерді «Ертіс – jassarapshysy» жобасына белсенді қатысуға шақырамын», - деп атап өтті. Соңында Б.Қайрақбаев барлығына жақсы және жемісті жұмыс тіледі.
Спикерлер арасында Тереңкөл, Железин, Ертіс, Успен аудандарының және Екібастұз қаласының өкілдері болды. Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы өз ауданында және қаласында жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін жұмыстар туралы айтып берді. Ертіс ауданының нақты сектор экономика бөлімінің бас маманы Санат Жүрсінов мемлекеттік қызмет жұмысын жетілдіру үшін бір қатар ұсыныстар енгізді: жас мемлекеттік қызметшілерді ата-аналарының атына алғыс хаттармен, грамоталармен көтермелеу; СӨС популяциясы үшін ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметшілер үшін спорт секцияларын ашу ұсынылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Павлодар облысы бойынша департаментінің бааспасөз қызметі
[xfvalue_img]