Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2022 жылғы I тоқсандағы орташа айлық жалақы
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2022 жылғы I тоқсанда 366502 теңгені құрады. 2021 жылғы тиiстi тоқсанға атаулы жалақы индексі 119,2 %, ал нақты жалақы индексі 108,6 % құрады. Еңбекақыдағы айырмашылықтар қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы қаржы және сақтандыру саласында - 765532 теңге, ең төменгі шамасы – ауыл, орман және балық шаруашылығы - 178153 теңге белгіленді.
2022 жылғы I тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы - 378289 теңгені құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.
Нақты жалақы индексі атаулы жалақы индексін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады.
[xfvalue_img]
32 пікір