Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын әзірлеуге қатысты
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығын (бұдан әрі – бұйрық) бекітгенін хабарлайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жатқызу өлшемшарттарына мынандай өлшемшарттар жатқызылған:
- 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы.
Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынандай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен Мемлекеттік кірістер органдарына беретін болады:
1-кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін):
- мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша.
2-кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін):
- бюджет саласының қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары бойынша төленеді.
3-кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін):
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бойынша біржолғы ақшалай өтемақы алуға құқылы.
4 – кезең (01.01.2025 ж. бастап) - халықтың қалған санаттары бойынша.
2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.
Бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталғанын атап өтеміз.
[xfvalue_img]
34 пікір