СҚО сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңірлер тізімінде – «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры

СҚО сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңірлер тізімінде – «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры

 

СҚО әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелеріне «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг» зерттеуінің нәтижелері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ернар Баянғазин айтып берді.

Зерттеу қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің таралуына оптимистік көзқарас анықталды.

«Азаматтардың 95,5%-ы және бизнестің 99,3%-ы бірде-бір ведомствода мәселелерді бейресми жолмен шешу мүмкіндігіне немесе қажеттілігіне тап болмағанын атап өтті», - деді Ернар Баянғазин.

Сонымен қатар, неғұрлым жемқор мемлекеттік мекемелер болып емханалар мен ауруханалар, полиция, салық және өртке қарсы қызметтер, жер қатынастары және қала құрылысы органдары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары белгіленді, оларда бейресми өзара іс-қимылдың мәлімделген жағдайларының үштен екісі орын алды.

Спикердің айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы қабырғаларында бейресми оқиғалар орын алған мемлекеттік органдар мен мекемелердің тізімі сақталып, ХҚКО-мен толықтырылды.

Респонденттер жағдайлардың жартысында мәселені бейресми шешудің бастамашылары мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ал әрбір төртіншіде – делдалдар болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты аумақтық департамент басшысы пара берушілер мен пара алуда делдалдардың жауапкершілігі күшейтілгенін еске салды.

«Егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367 бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса және тиісінше, бұл әрекет орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылса, онда жаңа редакцияға сәйкес жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл қылмысты тиісті құқықтық салдарлары бар ауыр санатқа автоматты түрде жатқызылады - шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға және жазаны бірден қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтеуге тыйым салу», - деді Ернар Баянғазин.

Отырыста бизнес пен қоғамның өзара байланысы да талқыланды. Зерттеу нәтижелері бойынша облыстың бизнес субъектілері ел бойынша өзгелермен салыстырғанда, мәселелерді бейресми жолмен шешу қажеттілігіне сирек тап болған.

Бизнесті қорғауды күшейту контексінде Қылмыстық кодекске кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілік жүгі артқаны ескертілді.

Ернар Баянғазин енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан бизнеске заңсыз араласқаны үшін бұрынғыдай екі жылдың орнына бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Ашық диалог» порталын талдау бөлігінде солтүстікқазақстандықтардың шағымдарының көпшілігі СЖҚА төрағасының (40%), Ішкі істер министрінің (40%), Әділет Министрінің (20%) атына жолданған.

«Өтініш берушілердің мәселені бейресми шешуге байланысты жағдайға түсу жиілігінің көрсеткіштері төмен болғанына қарамастан, бұл жағдайға басқаша көзқараспен қарау керек. Мониторингтің толық нәтижелері бар материалдар облыстың мүдделі мемлекеттік органдарына атаулы жолданатын болады. Басшылардан мұқият оқып, тиісті қорытынды жасауларыңызды сұраймын. Бұл тәсіл, біздің ойымызша, біздің өңірге тән практиканы, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың өзара іс-қимылын оқшаулау ерекшеліктері тұрғысынан анықтауға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Баянғазин.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.