ӨСКЕМЕНДЕ ДӘРІНІ ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі №ҚР ДСМ-104 бұйрығында көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілген.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2020 № ҚР ДСМ-337/2020 бұйрығымен жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы, мақсатта «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері дәрілік заттардың шектік бағадан асып кетпеуін қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшелерімен Өскемен қаласындағы бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде, Назарбаев даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Signatura дәріханасында өндірушісі BAYER фирмасының КСАРЕЛТО (ривароксабан, 10 мг №30) дәрілік препаратының бағасын көтеру бойынша бұзушылық анықталды.
Нақтырақ айтсақ, осы дәріханадағы препараттың құны 32 550 теңгені құрады. Ол көтерме саудада - 24 105,60 теңге, бөлшек саудада сату бағасы - 26 516,16 теңгені құрайды. Бөлшек саудада өткізу үшін бекітілген шекті бағадан 6 033,84 теңге жоғары.
Аталған дерек бойынша Өскемен қ. ПБ Үлбі ауданының ЖПҚБ-ға аталған дәрілік заттың бағасын көтеру фактісін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыным хат жолданды.
Облыс тұрғындары дәрілік заттардың шектік бағадан асып кету деректеріне куә болса, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне және аймақтағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселеріне хабарлай алады. Байланысу үшін: 8 (7232) 71 33 06, 8 (778) 474 6935 WhatsApp.
[xfvalue_img]
1 пікір