Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны 81947 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың саны - 78271, 2834 - филиалдар және 842 - шетелдік заңды тұлғалар филиалдары. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3991 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде жұмыс істейтін заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны - 59328, олардан белсенді еместері (жаңалары) - 7708, белсенділері - 26615, уақытша белсенді еместері - 25005.

             Ағымдағы жылғы қаңтардағы статистикалық бизнес - тіркелімі алғашқы тіркеуден өткен  722 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 439.

            Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының қатарынан 81030 - шағын, 539 - орта және 378 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 22970, Есіл - 20738, Сарыарқа - 20889, Байқоңыр - 17350.

             Қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны:

- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 23132;

- құрылыс - 15769;

- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 9184;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 6415;

- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4265;

- өнеркәсіп - 4243;

- ақпарат және байланыс - 3377;

- жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3107;

- көлік және жинақтау - 2933;

- білім беру - 2534;

- тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету - 2074;

- қаржы және сақтандыру қызметі - 1446;

- өнер, ойын-сауық және демалыс - 1250;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 1249;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы - 609;

- мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру - 360.

           Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының басшылары арасында ер адамдар саны - 57579, әйелдер саны - 24368 құрады.

Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.