Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған пробация есебіндегі сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды
Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болған Б. есімді азамат алынған.
Есепке қойылған уақыттан бері пробация қызметі инспекторлары тарапынан тиісті профилактикалық бағыттағы жұмыстар жүргізіліп, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы қатаң бақылауға қойылған. Қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері көрсетіліп, жаза өтеу тәртібін орындамаған жағдайда көрілетін жауапкершілік туралы ескертіліп отырған. Жүргізілген жұмыстарға қарамастан аталған сотталған қайта қылмысқа жол беріп, бірнеше мәрте қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Пробация қызметі инспекторлары тарапынан «ескерту» түріндегі жазалау шарасы көріліп, Қызылорда қалалық №2 сотына бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным келтірілген.
Пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген 1 (бір) жыл 7 (жеті) ай 24 (жиырма төрт) күні дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.
Сотталған азамат тарапынан келтірілген аппеляциялық шағымы өзгеріссіз қалдырып, сотталған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге жолданылып, қамауға алынды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
[xfvalue_img]