ҚР Сауда және интеграция министрлігі және ЕАДБ цифрлық интеграциялық жобаларды іске асыратын болады

ҚР Сауда және интеграция министрлігі және ЕАДБ цифрлық интеграциялық жобаларды іске асыратын болады

Бүгін, 2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум Қазақстанда және ЕАДБ-ға қатысушы басқа мемлекеттерде сауда саласындағы цифрлық жобаларды іске асыруда ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және дамытуға бағытталған.

Меморандум шеңберінде тараптар шағын және орта кәсіпорындарды қоса алғанда, жеке сектордың тартылуын ұлғайтуға, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі сауда саласындағы үздік цифрлық шешімдерді ауқымды етуге ниетті.

Құжатқа сәйкес, ынтымақтастықты келесі бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда: шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету, ішкі сауданы дамыту, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, биржалық және электрондық сауданы дамыту, еуразиялық кеңістік шеңберінде халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, еуразиялық кеңістіктің тауар биржасында халықаралық биржалық сауданы дамыту, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы көтерме-тарату орталықтарын дамыту, еуразиялық кеңістікте цифрлық шешімдерді қолдану арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін интеграциялық процестерге тарту, тауар айналымының ашықтығын және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тетіктер мен арналарды құру болып табылады.

«Биыл Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық Қазақстанға өтті, осы тұрғыда Мемлекет басшысы Еуразиялық интеграцияны дамытуға, сауда кедергілерін жоюға және тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты Министрлік ЕАДБ-мен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты бастауға дайын екендігін білдіреді», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

«Біз өте маңызды және өзекті міндет – еуразиялық кеңістіктегі елдердің дамуы мен интеграциясына ықпал ететін цифрлық жобаларды қалыптастыру алдында тұрмыз, — деп атап өтті ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов. — Өңірді дамытудың жетекші халықаралық банкі ретінде біз ЕАДБ-ның жинақталған сараптамасы мен қаржы құралдарын пайдалана отырып, Министрлік іске асырып жатқан жобаларға қатысуға және жәрдем көрсетуге мүдделіміз». 

Анықтама:

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) — қатысушы елдердің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның интеграциялануына және дамуына жәрдемдесетін халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банк 2006 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстанның штаб-пәтерімен Алматы қаласында құрылды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, энергетика, химия және тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.