Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау – құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау – құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы

 

Мемлекет Басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына, мемлекеттік қызметтерді алудың мобильді түрін дамытуға, азаматтарды «электрондық үкімет» порталын қолдану дағдыларына жаппай оқытуға ерекше назар аударады. 

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылады.

 Осыған байланысты Департамент тұрақты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде құқық бұзушылықтарды және әкімшілік кедергілердің жою бойынша шаралар қабылдайды.

Сонымен бірге Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізетін ішкі бақылау қызметі әрекет етеді.

Павлодар мен Екібастұз қалаларының әкімдіктері жанынан жеке бөлімдер құрылған. Ақсу қаласы мен аудандарда мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау мәселелері әкім аппаратының құрамына кіретін ішкі бақылау мамандарына бекітілген.

Бұл қызметтердің негізгі міндеттері мен мақсаттары бұзушылықтарға әкелетін себептер мен жағдайларды анықтау, жою, әкімшілік және басқа да жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Осылайша ішкі бақылау қызмет көрсетушілердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған.

Ішкі бақылаудың негізгі мақсаты құқық бұзушылыққа әкелген себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ алдағы уақытта оларды болдырмау болып табылады. 

Сонымен өткен жылы ішкі бақылау қызметтерімен 159 бақылау
іс-шаралары жүргізіліп, 2,5 мыңнан астам бұзушылық анықталған және 510 ұсыным жасалды.

Бұзушылықтардың ең көбі келесі бағыттар бойынша анықталды: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу, құжаттардың толық емес пакетімен мемлекеттік қызметтерді көрсету, стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету, бизнес-процестерді бұзу.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 54 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департаментпен тұрақты түрде жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау бойынша есептеріне, бақылау шаралары актілеріне талдау жүргізіледі.

Бақылау іс-шараларының актілерін талдау барысында жүргізілген іс-шаралар нәтижелері бойынша актілерді әзірлеу сапасының жақсарғанын, бұзушылықтарды мемлекеттік органдарымен дербес анықтау мен жоюды көруге болады.

Сонымен қатар мониторинг нәтижесі жекелеген аудандарда бақылау іс-шараларының формальды түрде жүргізілетіндігін көрсетті.

Мәселен, кейбір ішкі бақылау қызметтері тексеру кезеңі ретінде тексеруге өзектілігі жоқ  өткен жылдарды қамтыған, тексеру нәтижесі туралы актілерді қалыптастыру кезінде бұзушылықтар жіберілген, жалпы сипаттағы ұсыныстар енгізілген.

Осылайша жоғарыда аталған бұзушылықтар ішкі бақылаудың сапасыз жүргізілгендігін көрсетеді.

Ішкі бақылау бойынша мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша жаңадан қабылданған ішкі бақылау мамандарын басқа аудандарда бақылау іс-шараларын жүргізуге тарту тәжірибесі жалғасуда, осындай іс-шаралар мамандардың дағдыларды игеруіне ықпал етеді.

Департаментпен мемлекеттік қызметтерді көрсету, бақылау іс-шараларын өткізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау мамандарымен тұрақты түрде іс-шаралар, оның ішінде zoom қосымшасында бейнебайланыс арқылы семинарлар өткізіледі, күнделікті жұмыста кездесетін мәселелер жұмыс тәртібінде талқыланады.

Өткізілген кеңес қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға және ішкі бақылау қызметі жұмысын күшейтуге бағытталған ұсыныстар беріледі.

Жалпы ішкі бақылау қызмет көрсетушілердің заңнаманы сақтау тәртібін және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады.

А.А. Рымжанова

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтерді көрсету

басқармасының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.