Мемлекеттік қызметке түсушілерді ақпараттандырудың инновациялық тәсілі
Департаменттің негізгі мәселелерінің бірі азаматтарды ақпараттандырудың шешімі Департамент қызметкерлерімен жасақталған инновациялық жоба - Telegram мессенджеріндегі Qyzmet.info атты бот арқылы табылып отыр.
Осы ботты пайдалану арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке түсуге қажетті толыққанды ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Ботты әзірлеу кезінде азаматтардың барлық мүмкін қажеттіліктері мен сұраныстары ескерілді. Мәселен, Qyzmet.info ботта келесідей функциялар мен ақпарат бар:
- тестілеу бойынша нұсқаулық пен бейне-нұсқаулық;
- жоспарланып отырған лауазымға байланысты тестілеу бағдарламасын анықтау;
- нормативті құқықтық актілер;
- тестілеуге жазылу үшін Egov порталына сілтеме;
- сынақ тестілеуі;
- барлық өңірлер бойынша жарияланған конкурстарды қарау;
- конкурстық комиссияға шағым жасау;
- мемлекеттік қызмет, тестілеу, конкурс, бейімдеу және оқыту туралы жиі қойылатын сұрақтар бойынша анықтамалық;
- Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің байланыс ақпараты.
Аталмыш жоба пандемия жағдайында Департамент пен қоғам арасындағы байланысты үзбеуге қамқор болып отыр. Ендігі сәтте, азаматтар үйінен шықпай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасуға қажетті барлық ақпаратты боттан ала алады. Бұл қазіргі жағдайда өте қолайлы әдіс болып табылады.
Ботқа суретте көрсетілген нұсқаулықпен қол жеткізуге болады.
[xfvalue_img]
1 пікір