АНТИКОР ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ САЛАДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРДЫ
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде бейнеконференцбайланыс арқылы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсынуларды қарау бойынша кездесу өтті.
Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы қылмыстық істер шеңберінде аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшы құрамына 8 ұсыну жеткізді.
Мәселен, ағымдағы жылы жалпы қамқорлығы үшін пара алған ЕЦ-166/24 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі О.О. Маников 900 мың теңге көлемінде айыппұл, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнайы атағынан айыру жазасына кесілді.
Сонымен қатар, онлайн-кездесу барысында Мекемелердің басшылығы мен қызметкерлеріне, сондай-ақ облыстың ҚАЖД лауазымды тұлғаларына қатысты күш көрсету және психологиялық қысым көрсету фактілері бойынша қылмыстық істер шеңберінде ұсынулар қаралды.
Бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтары үшін барлық деңгейдегі басшылардың дербес жауапкершілігі қағидатына негізделген тұтас жұмыс жүйесін қалыптастыру, азаматтардың және сотталғандардың қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағымдарымен жұмысты ұйымдастыруды қайта қарау, ҚАЖ қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайларды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және оларды кейіннен жою ұсынылды.
«Қылмыстық-тергеу практикасы пенитенциарлық жүйеде әлі де шешілмеген проблемалар бар екенін көрсетеді. Өткен жылы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде осы сала қызметкерлеріне қатысты 19 қылмыстық іс болған. Биылғы статистикалық сандар да аз емес. Түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесі тұрақты бақылауда болуы тиіс. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылығын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық моделін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға шақырамын», - деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Мұрат Төлеубаев.
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
[xfvalue_img]
35 пікір