ШҚО-ДА СҚ-ФАРМАЦИЯ ДӘРІЛІК ҚОЙМАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, «Nur Otan» партиясы ШҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Александр Светаш пен БАҚ өкілдері бастаған жедел жұмысшы топ «СК – Фармация» ЖШС-нің Өскемен қаласындағы өңірлік қоймасына арнайы барып, қоғамдық бақылау жүргізді.
ШҚО-да Бірыңғай дистрибьютор арқылы 122 медициналық ұйым (тапсырыс берушілер) қамтамасыз етіледі.
Қойма өкілдерінің сөзіне сүйенсек, дәрілік заттар Облыстың операциялық қоймасына Алматы қаласында орналасқан Бірыңғай дистрибьютор хабынан келіп түседі. 24 қарашадағы жағдай бойынша Өскемен операциялық қоймасына Алматы қаласы хабынан 49,13 млн теңге сомасына 43 позиция бойынша дәрілік заттары бар жоспарлы машина келді. Тауарды қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін (қайта есептеу, құжаттарды тексеру және т.б.), дәрілік заттар шағын көлікпен (термолабильді препараттарды тасымалдауға арналған контейнерлерді қолдана отырып, капилярлы жеткізу) ШҚО медициналық ұйымдарына тартады.
Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Маржан Бахыт дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап, алдағы уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің емдеу орындарына жеткізілу барысында ешбір кедергілердің болмау қажеттігін жеткізді.
Қоғам өкілдерінің қатысуымен осындай жұмысты әр апта сайын жүргізу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.
[xfvalue_img]