Екінші тоқсанның басталуы туралы
Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, олардың 3700-ден астамы карантиндік шектеулер жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушыларын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.
Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді.
Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.
Әр мұғалімнің өз оқыту әдістемесі бар. Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет.
Қашықтан оқыту білім беру платформаларының көмегімен жүзеге асырылады. Білім минитсрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды.
«Біз білім саласына жауапты министрлік ретінде, әрине, балалардың мектеп қабырғасында білім алып, дәстүрлі форматта оқығанын қалаймыз. Дегенмен, басты назарда – балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы. Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды (Денсаулық сақтау министрлігі), біз сол талаптарды орындауымыз керек», – деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына орай өткен брифинг барысында.
https://t.me/edu_news_qz/1352
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]