Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі қайта ашылды
Ағымдағы жылғы 12 қарашада Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі тыңдаушылар үшін өз есігін қайта ашты. Естеріңізге сала кетсек, бұл мектептің миссиясы - келешегі зор әрі талантты жастар арасынан болашақ кандидаттарды мемлекеттік қызметке даярлау.
Мектептің қызметі мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру үшін қажетті білім мен жеке қасиеттерді кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары, мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті арасында тиісті білім беру бағыттары бойынша тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу мақсатында мектеп түлектерінің мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтуін ұйымдастыру жөнінде үшжақты меморандум жасалды. Ағымдағы жылы мектепке бітіруші курстардың 94 студенті қабылданды.
Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі таңда әрбір азаматтың мемлекеттік қызметке түсуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметті таңдай отырып, басты мақсат – халыққа мінсіз қызмет ету екенін ұмытпау керек.
Сабақ тақырыптары мемлекеттік қызмет саласындағы таным мен білімді кеңейтуге, құзыреттерді дамытуға, әдептілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Дәріс берушілер ретінде мектепке мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол бар практиктер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының оқытушылары жұмылдырылады.
Мектеп жұмысының қорытындысы бойынша өткен жылы тыңдаушылардың 60% мемлекеттік органдарда кәсіби тәжірибеден өтті, оның ішінде 33% мемлекеттік қызметке іріктеудің алғашқы екі кезеңінен өтті, ал 13% мемлекеттік лауазымдарға қабылданды.
[xfvalue_img]