ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7 653 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7 653 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері, жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау барысы, оның ішінде жемшөп дайындау туралы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы мәселелер қозғалды.

 Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дюсенов айтып берді. Облыста жыл басынан бері 7 653 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша бірінші орында Маңғыстау ауданы, соңғы орында-Жаңаөзен қаласы. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 4965 адам жұмысқа орналасқан. Көш басында Бейнеу ауданы, Маңғыстау ауданы тұр. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 32 жобаның 16-сында жұмысқа орналастыру жоспары орындалды.

  Сондай-ақ, жиын барысында қыс мезгіліне мал азығын дайындау барысы туралы ауыл шаруашлығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Ізімтаев баяндама жасады.

Бүгінде облыс бойынша қыс мезгіліне дайындалған мал азығы 49 579 тоннаны құрайды. Оның ішінде шөптің көлемі – 26 686 тонна.

Өлкемізде 22 бригада арқылы дайындалған шөптің көлемі – 7100 тонна және өзге облыстардан тасымалданған шөптің көлемі – 19 586 тоннаны құрайды.

Сондай ақ, облысымыздағы ірі шаруа қожалықтар қорында 4356 тонна шөп бар. Сонымен қатар, өзге облыстардан тасымалданып және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 22 893 тоннаны құрады,

Оның ішінде тасымалданғаны – 20 729 тонна, дайындалғаны – 2164 тонна. Сәйкесінше, ағымдағы жыл көрсеткіші, былтырғыдан 1,9 есе жоғары. Оның ішінде тасымалданған жем 2,2 есе жоғары. Сонымен қатар, жыл соңына дейін өзге облыстардан қосымша 11 100 тонна жем тасымалданады деп жоспарлануда. Жыл соңында барлық жем көлемі 34 000 тонна құрайтын болады. Осылайша, биылға қажетті жемнің жоспары 117 % орындалмақ.

 2020-2021 жылдары кезеңіне облысты қыстаққа мал азығымен толықтай қамтамасыз ету мақсатында, «Каспий» ӘКК» АҚ-на жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың негізінде 500 тонна кебек «Мұса-Нан» ЖШС-де сақтаулы.

 

 Сонымен қатар, аппараттық жиналыста нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы да айтылды.

 ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2020 жылға шағын несие беруге - 1 202 396,0 мың теңге қаржы бөлінді.

 Қазіргі таңда барлық бөлінген қаржы бойынша 1 229 396,0 мың теңгеге 265 өтінім қабылданып, оның ішінде 1 202 396,0 мың теңгеге 259 өтінім мақұлданған. Сонымен қатар, 5 өтінім 18 041,0 мың теңгеге келісім шарт тіркелуде, 254 өтінім 1 184 355,0 мың теңгеге шағын несие берілді, 323 жұмыс орны ашылады.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.