Қандай жағдайда қолма-қол ақшаны, жол чектерін және ақша құралдарын декларациялау қажет

Қандай жағдайда қолма-қол ақшаны, жол чектерін және ақша құралдарын декларациялау қажет

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Қолма-қол ақшалар, жол чектері, егер олардың сомасы жолаушылар кедендік декларациясын тапсырған күнгі қолданыстағы бағам бойынша 10 мың АҚШ долларының баламасынан асса, ЕАЭО-ның кедендік аумағына бір уақытта әкелінген кезде декларациялауға жатады. Жеке тұлға жолаушылар кедендік декларациясының негізгі және қосымша нысандарының екі данасын толтырады. Бұл норма «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларымен реттеледі.

Ақша құралдарын декларациялау кезінде жолаушының кедендік декларациясында ақшаның номиналды құны немесе мүше мемлекеттің валютасында немесе алу құқығы ақша құралымен куәландырылған шетел валютасындағы тиісті сомасы көрсетіледі. Бұл талаптардың жол чектеріне  қатысы жоқ.

Егер номиналды құны болмаса және жолаушының кедендік декларациясында оның сомасын анықтау мүмкін болмаса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген ақша құралдарының саны көрсетіледі.

Сондай-ақ, жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны және ақша құралдарын өткізген кезде жолаушының кедендік декларациясында келесі мәліметтер:

1) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында болу орнының мекенжайы;

2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер (ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);

3) егер өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының көзі туралы, олардың иелері туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын болжамды пайдалану туралы мәліметтер;

 4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдау маршруты және тәсілі туралы (тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түрі) мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Сонымен бірге, жалпы сомасы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелінетін (әкетілетін) қолма-қол ақша мен жол чектерін кедендік декларациялау жеке тұлғаның өз еркі бойынша жүзеге асырылады.

ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген қолма-қол ақшаның және (немесе) ақша құралдарының жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларына балама сомадан асқан жағдайларда, жолаушылардың кедендік декларациясы қолма-қол ақшаның және (немесе) ақша құралдарының көзін растайтын құжаттар ұсынумен бірге жүреді.

Бұл шешім 2020 жылдың 3 ақпанында күшіне енді.

Ақша қаражаттары мен ақша құралдарының шыққан көзін растайтын құжаттарға мыналар кіруі мүмкін:

  1. Мұраға құқығы туралы куәлік немесе уәкілетті орган, оның ішінде шетел мемлекетінің уәкілетті органы берген қолма-қол ақшаны және ақша құралдарын мұра ретінде алынғанын куәландыратын басқа құжат;
  2. Тасымалданатын  ақша қаражаттары мен ақша құралдары туралы  нотариалды куәландырылған шарт;
  3. Шоттан қолма-қол ақша алу туралы банктің немесе банктік емес несие-қаржы мекемесінің берген анықтамасы;
  4. Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы нотариалды куәландырылған келісім-шарт (төлем қолма-қол жасалғанын растайтын);
  5. Лотереяны, жарысты, спорттық немесе мәдени іс-шараларды ұйымдастырушының, ойын мекемесінің және т.б. жеке тұлғаға ұтыс (сыйлық) төлегенін растайтын кассалық чек (басқа құжат);
  6. Органның (ұйымның) реквизиттерін қамтитын, қолма-қол ақша мен ақша құралдарының шыққан көзін растайтын қаражаттың иесі берген басқа да құжаттар, оның ішінде нотариалды куәландырылған құжаттар да бар.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив