ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА 293 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН .
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өткізген тікелей эфирде мәлімдеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов:
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі іске қосылды. Кез-келген азамат МӘМС жүйесіндегі өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап алуы керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылған жағдайда және оған медициналық көмек қажет болды. Егер ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қолжетімді болады. Ал МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осылайша егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін ала аласыз. Соңғы мәліметке сәйкес біздің облыста 293 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Біздің мамандар осы тұрғыда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Ғалымжан Әбілов Телеграм Бот (@SaqtandyryBot) және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС саласына қатысты кез-келген ақпаратты алуға болатынан атап өтті.
[xfvalue_img]
30 пікір