Мүліктің меншік иелері бірлестігі

Мүліктің меншік иелері бірлестігі

 

2019 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды (бұдан әрі - Заң). Ел Президентімен қол қойылған, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулер, 2020 жылдың 7 қаңтарында заңды күшіне енді.

        Жоғарыдағы көрсетілген заң актісінің нормаларына сәйкес,  тұрғын үй кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін тоқтатуға міндетті.

        Қабылданған заңнама актісінің нормасына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi -   мүліктің меншік иелері бірлестігіне (ММИБ) немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі болып  құрылуы  қажет. Бұдан кейін, үйге қызмет көрсету бойынша өз қызметін жаңа мәртебеде жүргізеді. 

       Басқарудың жаңа түрі  мүліктің меншік иелері бірлестігінің пәтер иелері кооперативтерінен   айырмашылығы   тұрғындардың  өз үйлерін өздері басқаруы болып табылады.

           Бұл форма, меншік иелерінің өз үйлерін күрделі жөндеуге қаражатты жинақтауға, қаражаттың түсуін қадағалауға және ақшаның мақсатты жұмсалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл принципті – «бір үй- бір бірлестік – бір есеп» деп атады.

        Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығымен мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекітілді.

           Заңға сәйкес,  мүліктің меншік иелері бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. Аталған субъектілер  әділет органдарында тіркеуге жатады. Жай серіктестіктер мемлекеттік кіріс органдарымен тіркеуге жатады.

        Көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 42-бабының 1-тармағында көзделген, көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісінің басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.

         Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асыра алады және:

         көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжатты қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне беруге;

      қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.

          Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін мәжбүрлі түрде  тарату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Турткарина Айсулу Ильинична

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Ruby 22 августа 2023 00:53

    I every time emailed this web site post page to all my friends, for
    the reason that if like to read it next my friends will too.


    Also visit my website; Odell

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.