Солтүстік Қазақстан облысында оныншы сервистік әкімдік ашылды
Орталықтың ашылуы облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Баянғазин және «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитовтың қатысуымен өтті.
Өңір басшысы мұндай кеңселер халықпен өзара іс-қимылдың жаңа, неғұрлым ашық түрі болып табылатынын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге қызмет ететінін атап өтті.
Ашылу рәсімі барысында азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерімен байланысты бұзушылықтар санын қысқартуға мүмкіндік берген «Open space» форматында жұмыс істейтін алғашқы сервистік әкімдіктердің жоғары тиімділігі атап өтілді, қайталанған өтініштер саны 37%-ға азайды.
Жаңа сервистік әкімдік тұрғындарға қолжетімді түрде 10-нан астам ең танымал мемлекеттік қызметті ұсынады.
«Фронт-кеңсе тегін Wi-fi-мен жабдықталған, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және азаматтарды қабылдау орны бар. Келушілерге ыңғайлы болу үшін балалармен балалар бұрышы да қарастырылған. Сондай-ақ, салық берешегі бойынша да қызметтерді төлеуге арналған терминал орнатылды. Тұрақты негізде келушілердің назарына әлеуметтік бейнероликтер, оның ішінде «1424» көрсетіліп тұрады. Бұл екі тараптың, яғни мемлекеттік қызметшілердің де және қызмет алушылардың да жауапкершілігін арттырады», - деді Қызылжар ауданының әкімі, сервистік әкімдік қызметімен таныстыру барысында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода атап өткендей, қазір халықпен өзара іс-қимылға бағытталған трансформация жүріп жатыр, бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етеді.
Айта кетейік, облыста 2019 жылдан бастап аудандар мен қалаларда 10 сервистік әкімдік ашылды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары әр ауылдық әкімдіктерде жұмыс істейді.
[xfvalue_img]