Сот актілерін уақытылы орындамау
Сот билігінің абыройы тек қана сот актілерін шығарған кезде азаматтар мен заңды тұлғалардың қаншалықты құқықтары қорғалғанын да ғана емес, сонымен қатар берілген актінің толық және уақытында орындалуына байланысты өлшенеді. Қабылданған әрбір сот актілері тұрақты түрде орындалуы-құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіші. Себебі, сот шешімі соңғы шешім әрі мемлекеттің шешімі секілді алып күш.
Заңды күшіне енген сот шешімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға тиіс.
Бұл жөнінде заңымызда «Шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберіледі» -деп көрсетілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұсқан өндіріліп алынған, алименттер өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді. Яғни, ықпалды, тиісті органдарға уақытылы, дер кезінде жөнелтілу қаралған. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарлығаннан күннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірілмей жазылып орындауға жолданады. Бұл уақыт ешқашан бұзылмауы керек, ол да қатаң бақыланады. Ал, енді, атқару парағы жөнінде айта кетсек, атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жазып жолдайды. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін деп көрсеткен.
Борышкерлердің жауапсыздығы сот шешімдерінің орындалмауының негізгі себебі болып табылады, олар сот шешімдерін орындамау заңмен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке алып келетіндігін түсінбейді. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабымен сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау,жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан, әр азамат сот актілерін бұлжытпай, уақытылы орындау міндетіміз деп білуі тиіс.
Н.Бирманова
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе бас маманы
[xfvalue_img]