«BK TESLA» ЖШС БАСШЫЛЫҒЫ «ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА СҰХБАТ БЕРДІ
«Protecting Business and Investments» жобасы аясында «BK TESLA» ЖШС директорының орынбасарлары Нұрлан Боранбаев, Айдена Жарилканова және Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиеваның қатысуымен онлайн сұхбат өткізілді.
Іс-шарада бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелері талқыланды.
Жазира Жылқышиева Агенттіктің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында атқаралып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, елордалық департаментпен Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау, қолдау және бюрократиялық процестердің алдын алу жөнінде атап өтті.
Эфир барысында Нұрлан Боранбаев «BK TESLA» ЖШС-мен жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалармен таныстырды.
Оның айтуынша Нұр-Сұлтан қаласында «BK Tesla Park көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы» жобасы аясында «Астана» ӘКК» АҚ мен «BK TESLA» ЖШС арасында екіжақты меморандумға қол қойылған.
Келісімнің негізгі мақсаты - «BK Tesla Park» көпфункционалды тұрғын үй құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында ынтымақтастықты құру және дамыту.
Тұрғын үй кешенінің ауданы - 61 гектарды құрайды. Ол Тельман шағын ауданында орналасады. Жоспарланған құрылыс кезеңі - 2018-2023 жылдар. Инвестициялар көлемі 160 миллиард теңгеден асады.
Одан басқа, тікелей эфирде Жоба аясында кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштер келіп түсіп, олардың құқықтары толығымен қорғалғандығы айтылды.
Спикерлер елордадағы инвесторлар мен бизнес субъектілерінің қызметін «Protecting Business and Investments» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтан таза және ашық жүзеге асыруға шақырды.
[xfvalue_img]