Пандемия мен карантиндік шараларға қарамастан Қазақстанда ипотека көлемі 60%-ға өсті.

Пандемия мен карантиндік шараларға қарамастан Қазақстанда ипотека көлемі 60%-ға өсті.

Мұндай деректерді «Орда» ипотекалық өнімінің қарыз беру статистикасы негізінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (бұдан әрі - «Компания») ұсынды. 2020 жылғы 8 айда «Орда» ипотекасы аясында ипотекалық кредиттеу 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61,5%-ға өсті.

 Мәжит Ғалымжанұлы Жүсіпов, Басқарма төрағасының орынбасары: «Бірқатар шектеу шараларына, оның ішінде біздің кеңселерде, «Орда» ипотекасы берілетін әріптес банктердің кеңселерінде  клиенттерге қызмет көрсетуге қойылған шектеу шараларына қарамастан, 2020 жылы өнімге үлкен сұраныс болғанын көріп отырмыз» Егер сәуір айында ірі қалаларда карантиннің күшеюіне байланысты біз кредит беру бойынша рекордтық төмен көрсеткіштерді көрген болсақ,  маусым айында ол карантинге дейінгідей жағдайға қайтып оралды. Ал осы жылдың тамыз айы «Ордадағы» сатудың барлық кезеңімен салыстырғанда рекордтық кезең болды.

Компанияның мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 тамызына дейін қазақстандықтар «Орда» ипотекасы бойынша 7,5 млрд теңгеден астам сомаға 545 қарыз алған. Республика бойынша рәсімделген қарыздың ең жоғарғы сомасы 64 000 000 теңгені, ең төменгі – 3 500 000 теңгені құрайды. Қарыздың орташа сомасы-13 000 000 теңге. Бағдарлама бойынша орташа айлық төлем 161 907 теңгені құрайды. Бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға берілетін қарыздар саны бойынша алдыңғы орында Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалар тұр.

«Жарты жылға жуық уақыт карантинде болғаннан кейін, көптеген адамдар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шешім қабылдаған сияқты, мысалы, кеңдеу пәтер сатып алу немесе ата-анасынан бөлек тұру, Біз қажеттілігін, ең алдымен, оның қолайлы шарттарымен байланыстырамыз: кірісті ішінара растау мүмкіндігі, бастапқы ақшалай жарнаны қосымша кепілмен ауыстыру мүмкіндігі, аймақты таңдау бойынша шектеулердің болмауы және тұрғын үй құны. Бұның бәрі клиенттің өзіне қолайлы шарттарды анықтауға және болашақ ай сайынғы төлемнің мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Мәжит Ғалымжанұлы.

«Орда» ипотекасы нарыққа 2018 жылдың қазан айында ұсынылды. Осы уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 17 млрд теңгеден астам сомаға 1350 қарыз берілді.

Анықтама:

«Орда» ипотекалық өнімі Қазақстанның барлық азаматтардың меншігінде басқа тұрғын үйі бар-жоғына қарамастан,  оларға бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығында жылжымайтын мүлікті сатып алуға мүмкіндік береді. 21 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қарыз алушы бола алады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу үшін қарыздың ең жоғары сомасы 65 млн теңгені құрайды. . Қазақстанның қалған өңірлері үшін қарыз сомасы 40 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Қарыздың ең төменгі сомасы-1 млн теңге. Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін. Пайыздық мөлшерлеме: кірісті толық растаған жағдайда 12% және ішінара растаған жағдайда 14%.

Бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін. Кредит беру тұтынушыларға қарыздар тарту және беру бойынша «Қазақстандық Ипотекалық Компания «ИҰ» АҚ-ның әріптестері ретінде әрекет ететін екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда «Орда» ипотекасын «Jýsan Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ арқылы, сондай-ақ BI Group ипотека орталықтары арқылы ресімдеуге болады. Толығырақ orda.kmc.kz.сайтында берілген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.