Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне баса назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне баса назар аударылды.

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс деп атап өтті. Әрине, мемлекеттік қызметшілер заңбұзушылықтарға жол бермей, ел игілі үшін тың бастамаларды көтеріп, өзекті мәселелерді шешуде нақты шешімдер қабылдаулары қажет.

Сондай-ақ, Жолдау барысында халықтың сенімін арттыру, маңызды шешімдерді қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру тапсырылды. Бұл ретте алдағы уақытта Қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарта отырып, оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады. 

Президенттің жолдауына сәйкес 2021 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері енгізілмек. Атап өтсек, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер қойылып, мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылатын болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында көтерген тың бастамаларды қолдай отырып, оларды сәтті жүзеге асыруда барлық қоғам өкілдерін белсене қатысуға, мемлекеттік қызметшілерді ел игілі жолында тыңбай еңбек етуге шақырамыз.

Е.Н.Жалмағамбет

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

ШҚО бойынша Департаментінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.