Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек
Бүгін қос палатының біріккен отырысына Президент қатысып, халыққа Жолдауын арнады.
Осы орайда мен үш мәселеге тоқталғым келіп тұр. Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге ерекше мән берілді.
Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатысты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтергенбіз.
Қазір біз қалыптасқан дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісімімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.
Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзін басқару. Бұл бағыттағы заң бізде бар, бірақ формалды түрде қолданылып келген. Президент осы мәселеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сүйене отырып сайлау мәселесін алдағы жылы енгізу қажет екенін айтты.
Жолдауда ұлттық құндылықтар мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысы келешек адал, білімді, кәсіпке бейім ұрпақ тәрбиелеу ісіне араласуды барлық қоғамдық институттарға жүктеді.
Парламент өз тарапынан Президенттің тапсырмаларының заңдық тұрғыда тұжырымдалуын жан-жақты қарайтын болады.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
[xfvalue_img]