Алик Шпекбаев саяси және қаржылық тәуекелдерді болжау жөніндегі халықаралық рейтингтік агенттігінің (Political Risk Services Group, Нью-Йорк, АҚШ) бас атқарушы директоры Кристофер Маккимен скайп-колл өткізді

Алик Шпекбаев саяси және қаржылық тәуекелдерді болжау жөніндегі халықаралық рейтингтік агенттігінің (Political Risk Services Group, Нью-Йорк, АҚШ) бас атқарушы директоры Кристофер Маккимен скайп-колл өткізді

Онлайн-кездесу барысында Агенттік төрағасы Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне, оның ішінде парламенттік оппозиция институтын енгізуге, саяси партиялар құру үшін оның мүшелерін кем дегенде екі есе азайтуға (40 мыңнан 20 мыңға дейін), партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың 30%-дық квотасына баса назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халықаралық стандарттарды тізбекті имплементациялау жүріп жатыр, оның айқын мысалдары – жала жабуды қылмыссыздандыру және бейбіт жиналыстарды реттеуді либерализациялау. Сонымен қатар, сарапшы қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды цифрландыру, бизнес-процестерді реинжинирингілеу және мемлекеттік аппаратты оңтайландыру негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің «қайта жүктелуі» туралы ақпарат алды.

Өз кезегінде Нью-Йорк қаласынан кездесуге қатысқан Макки мырза Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың «органикалық» тәсілін жоғары бағалады.

«Сыбайлас жемқорлық – бұл көп қырлы мәселе, сондықтан да сіздің еліңізде қылмыстық заңнамаға сәйкес нақты өзгерістер енгізіп қана қоймай, сондай-ақ мемлекет пен қоғамды шынайы демократияландыруға бағытталған анағұрлым іргелі мәселелерге назар аударатыны қуанышты жағдай», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, PRS Group басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы Қазақстанның азаматтық қоғам институттары мен жекелеген ерікті белсенділердің рөлі өсіп келе жатқанын оң бағалады.

Коронавирустық пандемияға қарамастан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықаралық ұйымдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шетелдік мекемелермен онлайн-форматта конструктивті өзара әрекеттестікті жалғастыруда.

 

* PRS Group саяси, экономикалық және қаржылық тәуекелдерден құралған үш фактордың негізінде Елдік тәуекелдер индексін әзірлейді.

Сыбайлас жемқорлық көрсеткіші – саяси тәукекелдердің 12 компоненттерінің бірі. Ол PRS Group сарапшыларымен 0-ден 6-ға дейінгі шкала бойынша бағаланады, бұл жерде 0 – сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары көрсеткіші, ал 6 – ең төменгі.

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлық компоненті бойынша 3,5 балға ие, ол соңғы 2 жылда 1,5 балға жақсарды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.